Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған сәйкес 3 тамыз күні Қазақстан аумағында 125 адам - коронавирустан, тағы 33 адам - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтанда - 23 адам және Шымкент қаласында тіркеліп отыр - 19 науқас.
Қарағанды облысында - 17, Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында - 10 адамнан, Атырау облысында - 12, Павлодар облысында - 9, Ақмола облысында - 7, Ақтөбе облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қызылорда және Жамбыл облыстарында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қостанай облысында бір адам көз жұмған.
Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.