Жаңа қаулы шықты: коронавирус шектеулері алып тасталады

0
646

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.


Жаңа қаулы шықты: коронавирус шектеулері алып тасталады

ERNUR.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады, деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің "сары" және "жасыл" аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:
- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
- міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.