ERNUR.KZ Медициналық сақтандыру қоры жаңа жылда ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейтінін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу кезінде ең төменгі жалақыны негізге алатынын еске салды.
Жаңа жылда тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді. Оның мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өседі. Сондай-ақ жеңілдетілген категорияға керетін азаматтар үшін мемлекет тарапынан төленетін жарналар мөлшері өзгереді. Бұдан былай орташа айлық жалақының 1,9 проценті емес, 2 проценті аударылады. Ол үшін өткен екі жылдағы орташа айлықтың мөлшері есепке алынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақысы 364 295 теңге болған.
2025 МӘМС төлемдерінің мөлшері:
Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.
МӘМС жарналарын "Қазпошта" АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.