Жанәбіовтың әйелі денсаулығы нашарлап, сотқа келе алмады

0
107

Бүгін айыпталушылар соңғы сөзін айтуы керек еді.


Жанәбіовтың әйелі денсаулығы нашарлап, сотқа келе алмады

коллаж Ulysmedia

ERNUR.KZ. Блогер Эльмира Төлегенова үкім шығарылар алдындағы сот отырысына келе алмады, деп жазады ulysmedia.kz.

АЙЫПТАЛУШЫЛАР СОҢҒЫ СӨЗІН АЙТТЫ

Сотта жарыссөз кезеңі басталды. Бүгін айыпталушылар соңғы сөзін айтуы керек еді. Алайда адвокат Гаухар Айтжанова Эльмира Төлегенованың денсаулығы сыр беріп, сотқа келе алмағанын мәлімдеді.

Жағдайы күрт нашарлап кетті. Мұны сот басталар алдында білдім. Таңертең дәрігер шақыртқан, жағдайы түзеліп қалар деп күткенбіз, – деді адвокат.

Судья Әділбек Баймаханов екі сағатқа үзіліс жариялады. Осы уақыт ішінде қорғау тарапы не дәрігер анықтамасын ұсынуы, не Төлегенованы сотқа онлайн қосуы керек.

КОНТЕКСТ

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оларға Қылмыстық кодекстің 214-бабы және 218-бабы бойынша айып тағылған.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Астана соты бұл жұптың Instagram арқылы заңсыз лотерея өткізгенін анықтаған. Кейін іс материалдары экономикалық тергеу органдарына беріліп, қылмыстық іс қозғалған.