​Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

0
1 499

Бұл туралы әкім Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.


​Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

ERNUR.KZ. Өлген малдарға ветеринариялық зертхана «лептоспироз» ауруына қорытынды берген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында әкім Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

10 қараша күні Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округінің Шалқия ауылында ұсақ мал (қой) қырылу дерегі тіркелген. Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, шығын - 116 бас қой. Алайда, ауру ошағын зерттеу барысында облыстық комиссия 40 бас қойдың өлгенін нақтылады.

"Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді", - деді аймақ басшысы.

Қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген.