Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған мектептер.
ERNUR.KZ. Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп жазады sputnik.kz.
Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған мектептер.
Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.
Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.