Жеңілдетілген «АвтоЖол+» несиесі: министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

0
109

​Интернет беттерінде жалған ақпарат тарады.


Жеңілдетілген «АвтоЖол+» несиесі: министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, аталған ақпараттық материал жалған болып саналады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

«Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.
Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер», – делінген министрлік хабарламасында.