Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады.
ERNUR.KZ. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, бағдарлама арқылы көлік алуға өтінім беретін адамдар алдымен автомобиль құрастыру кәсіпорнын таңдауы керек. Өтінім тапсырылғаннан кейін таңдау жасалған кәсіпорынды өзгертуге болмайды.
«Осы бағдарламаның ережесі бойынша көлік шығаратын кәсіпорындар автомобильді 60 күннің ішінде жеткізуі керек. Көлік алатын адам автосалонға келіп, өзіне керек модельді, комплектациясын, түсін таңдайды. Егер бұл автокөлік дәл сол қалада болса, құжаттарды банк мақұлдағаннан кейін, автомобильді бірден алып кетеді», - деді Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов
Оның айтуынша, екі ай ішінде жеткізілетін көлікті брондау мүмкіндігі болады.