Ол жәбірленушінің туған нағашысы болып келеді.
ERNUR.KZ. Жетісу облысында 13 жастағы қызды зорлаған туған нағашысының ісі Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған іске байланысты сот процесі жүріп жатыр.
«Оқиға 2022 жылдың 2 тамызында Ескелді ауданы Қаратал ауылында болған. Сотталушы – 1979 жылғы ер адам. Ол 13 жастағы жәбірленушінің туған нағашысы болып келеді. Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған) бойынша соттың қарауында», - делінген Жетісу облыстық ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.