Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды

0
448

қазір қыз бала ата-анасына оралды.


Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кетіп, оралмаған 22 жастағы қыздың жақындары хабарласты. Оқиға Бақтыбай ауылында болған. Жақында көші-қон қызметінің мамандары іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды. Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент ақпаратына сәйкес, қазір қыз бала ата-анасына оралды. Оның неліктен үйінен кетіп, байланысқа шықпағаны белгісіз.