Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

0
517

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, күдікті ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

27 мамырда шамамен сағат 01:00-де Қарағанды облысының Жезқазған ПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 38 жастағы ер адамды медициналық пунктке ауыр пышақ жарақатымен жеткізгені туралы хабарлама түсті.

Дәрігерлер жәбірленушіні құтқара алмады – бірнеше сағаттан кейін ол есін жимастан қайтыс болды.

Оқиға орнына бірінші болып Жезқазған полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының отряды келді. Қылмыстың куәгерлері полицияға күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттап берді.

Патрульдік полиция жедел-іздестіру кезінде көшеде полицейлерді байқап, қашып кетуге тырысқан адамды байқады. Санаулы минуттан кейін ол ұсталып, Жезқазған қаласының ПБ-на жеткізілді. Ұсталған 45 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындап, жәбірленушіні жанжал кезінде пышақтап тастағанын түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.