Жигули Дайрабаевтың штабы: Іс-шаралардың 70%-ы өткізілді

0
758

"Ауыл" партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны атап өтілді.


Жигули Дайрабаевтың штабы: Іс-шаралардың 70%-ы өткізілді

Бүгін "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды, деп жазады ERNUR.KZ.

Іс-шараға партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.

"Ауыл" партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны атап өтілді. Олар барлық 88 қалада және 166 ауылдық жерде үгіт-насихат шараларын ұйымдастырады. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70% - ы өткізілді. Штабтар сайлау күні үшін сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

Үгіт - насихат науқаны әлеуметтік желілерде де, БАҚ-да да белсенді жүргізілуде. "Ауыл" партиясының парақшасында сайлау алдындағы үгітті өткізу барысы туралы 343 жарияланым шықты. БАҚ-да 3000-нан астам материал, оның ішінде кандидаттың "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" республикалық газетіне берген сұхбаты жарық көрді. Жалпы, "Ауыл" партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың қызметін жариялау бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

Бүгінде Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облысының, сонымен қатар Астан, Алматы, Шымкент қаласының сайлаушылармен кездесті. Ал кандидаттың сенімді өкілдері – "Ауыл" партиясы Төрағасының орынбасарлары Қайрат Айтуганов пен Николай Арсютин Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесуде. Жигули Дайрабаев агроөнеркәсіптің өндірістік орталықтарына барып, олардың қызметімен танысты, жұмысшы ұжымдарымен сұхбаттасты. Сонымен қатар, ол әр аймақтың тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.Кандидат келесі аптада Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесуді жоспарлап отыр.