Полиция Теміртау тұрғындарын дүрліктірген әйелге 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Теміртау қаласының тұрғындарын жол бойында жүрген жолбарыстың бейнеролигі алаңдатты.
"Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жалған ақпарат тарату кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салды.