Жұмысшы мамандықты таңдаған студенттер тегін оқиды

0
100

Техникалық бағытты таңдаған жастар саны 3 жылда 30 мыңға жектен.


Жұмысшы мамандықты таңдаған студенттер тегін оқиды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Биыл үкімет Жұмысшы мамандықтарды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл бағыттарды таңдаған барлық студенттер колледждерде тегін оқиды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында министр мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерге 150 мың студент қабылдау жоспарланғанын, оның 70%-ытехникалық бағыттарға бөлінгенін хабарлады.

Жастар жұмысқа орналасуға кепілдігі бар кәсіпорындардың мақсатты тапсырыстары бойынша оқуға түсіп жатыр. Үш жыл ішінде олардың саны үш есеге артып, 30 мыңға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 45 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформация процесінде. Заң жүзінде IT-мамандарды даярлауда қолданыла бастаған онлайн-оқыту мүмкіндігі колледждерде бекітілді. Мектептермен қатар, колледждер жүйесіне жасанды интеллект технологияларын қолдану енгізіледі. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында бес отандық колледжді интернационализациялау жоспарланып отыр», – деді Ғани Бейсембаев.

Колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Дуальді оқыту тәжірибесі кеңейтілуде, ал колледждерге шефтік қолдау көрсететін кәсіпорындар саны бір жылда жеті есе артып, 4 мыңға жетті. Бизнес өкілдерімен бірлесіп, 10 мың білім беру бағдарламасы әзірленді.

Жаңа оқу жылында 1500 оқытушы кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады