Жұмыста қаза тапқан қазақстандық өз өлімі үшін сотталды

0
230

Үкім мен жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Жұмыста қаза тапқан қазақстандық өз өлімі үшін сотталды

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Арқалық қалалық сотында абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге, сондай-ақ адамдардың өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын бұзуы бойынша элеватор учаскесінің бастығына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады zakon.kz.

Соттың дерегінше, 2023 жылдың 31 шілдесінде Арқалық қаласында орналасқан "G." ЖШС элеватордың басқару пультінің операторы азамат К. тиісті жабдықсыз бола отырып, нория құдығын тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз затпен уланған. Оған элеватор учаскесінің бастығы Н. және элеватордың басқару пультінің аға операторы С. тиісті жабдықсыз көмекке келді. Нәтижесінде С. мен Н. белгісіз заттан уланып қайтыс болды.

"Айыптауға сәйкес, қайтыс болған элеватор учаскесінің бастығы Н. еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті сақтау бойынша талаптар орындалмаған, бұл адамның өліміне және ЖШС жұмысшының денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкелген",- делінген ақпаратта.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы айыптауды қолдап, Н.-ны кінәлі деп танып, оның өліміне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес шахта мен элеватор ұңғымасын тазалау бойынша жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша Н.-ның оқудан өткені туралы айыптау тарапы сотқа дәлелдемелерді ұсына алмады сот марқұм Н.-ның кінәсін анықтаған жоқ. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмысшылардың өздері оқудан және білімін тексеруден өтпеген", деп мәлімдеді Арқалық қалалық соты.

Элеватор өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тапсырусыз тиісті рұқсаты жоқ заңсыз жұмыс істеуде. Сондай-ақ, элеватор пайдалануға берілген кезде қабылдау сынақтарынан өтпеген.

ЖШС директоры атынан жұмыс беруші қызметкерлерге зиянды еңбек жағдайларына байланысты және олардың еңбек шартында көрсетілмеген жұмысты тапсырды. Бұл ретте, оларға өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары бойынша жұмыстарды орындаудың қауіпсіз тәсілдерін үйретпей және оларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпей, жұмыс беруші оларға сумен толтырылған нория құдығын тазалауды тапсырды.

Еңбек инспекциясы жұмысшылардың өлімінде жұмыс берушінің 100% кінәсін анықтады.

Сот үкімімен Н. қылмыстық айыптауда кінәсіз деп танылып,қылмыстық құқық бұзушылық жасауы дәлелденбегендіктен ақталды.

"Н.-ның мұрагерлері заңсыз қудалау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуге құқылы деп танылды. Анықталған бұзушылықтар бойынша ЖШС-де Қостанай облысы прокурорының, Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, "ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ, Қостанай облысы бойынша ТЖД бастығының атына тиісті тексеру жүргізу және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарылды", - деп мәлімдеді Арқалық қалалық соты.

Үкім мен жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ.