Жыл соңына дейін елімізде вакцинаның қандай түрлері қолжетімді болады

0
692

Pfizer-мен арада 4 миллион доза вакцина бойынша келісімге қол қойылды, ал жыл соңына дейін Қазақстанға коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцинаның әрқайсысы бойынша 1 миллионға жуық дозасы жеткізілетін болады.


Жыл соңына дейін елімізде вакцинаның қандай түрлері қолжетімді болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жұқпалы аурулар мамандарының ІІ конгресінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

"Бүкіл әлем вакциналау ғана бұрынғы өмір салтына оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Біздің тек вакциналау ғана емес, сонымен қатар вакциналарды таңдау мүмкіндігіміз де бар. Бүгінгі таңда төрт түрлі вакцина таңдауға ұсынылып отыр, олардың екеуі - қытайлық Coronovac және Sinofarm, сондай-ақ QazVac және Sputnik V да бар", - деді Айжан Есмағамбетова.

Ол елімізде қолданылатын барлық төрт вакцинаның ешқайсысын дәрігерлер балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға жарамайтынын айтты.

"Біз үшін қазір стратегиялық міндеттердің бірі - халықтың осы санатын вакциналаумен қамту. Сондықтан Pfizer-мен арада 4 миллион доза вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Жалпы, жыл соңына дейін 1 миллионға жуық Sputnik V, 1 миллионға жуық QazVac, 1 миллион доза Sinofarm вакциналары жеткізіледі деп жоспарланып отыр", - деді комитет басшысы.

Еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға тоқтала отырып, комитет басшысы бүгінгі күні Қазақстандағы жағдай тұрақты деп сипатталатынын жеткізді, аурушаңдық пен өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 1 миллион халыққа шаққанда 103-орында, көрсеткіш бойынша 1 миллион тұрғынға шаққанда өлім саны 102-орында.

"КВИ-ге қатысты эпидемиологиялық ахуал біздің елімізде бүкіл әлемдегідей, яғни толқын-толқынмен туындап, дамиды. Өткен жылдың наурызында тіркелген алғашқы жағдайдан бері төрт толқын болды. Ең жоғары өсім биылғы жылдың маусым айының ортасынан бастап тіркелген төртінші толқын кезінде байқалды және 10 тамызда ақырындап төмендеу басталды", - деп Есмағамбетова өткенді еске салды .

Мысалы, маусым айының ортасынан бастап Қазақстанда аурушаңдықтың апта сайынғы өсімі байқалды, бірақ қазан айына дейін ауру 2,4 есеге, өлім-жітім 3,1 есеге төмендеді.

"Біз науқастарға арналған төсек-орынның қалмай қалғанын онлайн-режимнен көріп-біліп отырдық. Интерактивті картада тек өңірлер бойынша ғана емес, әр медициналық ұйымдағы жүктеме көрсеткішін көре алдық. Бұл жайт ауру күшейген кезде уақытылы және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы біздегі төсек-орындар қоры 50 мыңға жуық. Бүгінде төсек-орындардың қамтылу деңгейі 34%, жан сақтау бөліміндегілері - 32%", - деп сөзін қорытындылады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.