Қазақстан

Елордалықтар қандай жағдайда отшашу ата алады?

Адамдар көп жиналып кетсе рұқсат етілмейді.

Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар үйде табыстайды

Президенттің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі.

Оқушылардың үшінші тоқсанда қай пәндерді оффлайн оқитыны белгілі болды

11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады.

Атырауда құны 2 бөлмелі пәтерге татитын жылы аялдамалар толыққанды жұмыс істемей тұр

Аялдаманың ерекшелігі - қыста жылы, жазда салқын. Мұнда сондай ақ тегін Уай-фай мен бақылау бейнекамера болуы тиіс еді. Бірақ олар іске қосылмаған.

Қарағандыда балабақша меңгерушісінің заңсыз әрекеті әшкереленді

​Балабақша қызметкерлері білім басқармасына ұжымдық шағым түсірді. Меңгерушіні жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Қазақстанға 5G желісі 2 жылдан кейін келеді

5G алдымен үш мегаполис – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке жетеді. Кейін 5 жылдың ішінде басқа облыс орталықтарына тартылады.

Коронавирус: Батыс Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақта орналасқан.

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды

Індет жұқтырған 243 науқастың жағдайы ауыр.

Ақтауда онлайн сабақ кезінде оқушыларға 18+ видео көрсетілген

Сабақ бейтаныс адамдардың дауысы естілгеннен кейін бірден тоқтатылған.

Ақтөбеде дәрігерлер 3D-принтерден гипстің баламасын басып шығарды

«3Д» принтермен жасалатын заманауи дәке қол немесе аяқ сүйектерінің сынығы кезінде қолданылады.