​ҚАЙЫҢ бүршігі БУЫН ауруын емдейді

0
5 684

Мына емді жасап жүрсеңіз, керемет нәтижесін байқайсыз


​ҚАЙЫҢ бүршігі БУЫН ауруын емдейді

фото: euromednsk.ru

Буын – екі сүйекті жалғастыратын қызмет атқарады. Адамның ағзасында 38 жұп буын бар. Буын біздің еркін қозғалуымызға, қимылдауымызға қызмет етеді. Ал қозғалыс өмірдегі ең маңызды нәрсе екенін өзіңіз де білесіз. Сондықтан да буынның саулығы өте маңызды.


Буын ауруына:

  • жарақат алу;
  • артық салмақ;
  • физикалық ауыртпалық;
  • сымбатты сақтамау;
  • элементке бай тағамды тұтынбау;
  • ішкі ағзаның ауыруы;
  • зат алмасудың нашарлауы;
  • ота жасату;
  • инфекция жұқтыру себеп болады.

фото: zdorovye-lyudi.ru

Буын ауруы байқала салысымен-ақ емдеуге асығыңыз. Әйтпесе, жас ұлғайған сайын буын өз қызметін атқара алмайтын жағдайға келіп, өкінішті жағдайға тап боласыз. Буын қызметін тоқтатқан сәтте-ақ адам мешел болады. Ендеше, өз қолыңызбен, аяғыңызбен, денеңізбен жұмыс жасағыңыз келсе, буынның саулығына мұқият болыңыз. Буын ауруын емдеуге халықтық әдістер де қауқарлы. Егер, мына емді жасап жүрсеңіз, керемет нәтижесін байқайсыз.

  • 3 ас қасық ұсақталған қалақай (крапива) 2 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 4 рет ішесіз.
  • 1 ас қасық түймешетенді (пижма) 0,5 литр қайнаған суға салып, демдейсіз. Емдік сусынды шай ретінде күні бойы ішсеңіз де болады.
  • 1 ас қасық кепкен шайқурай (зверобой) үгіндісін 1,5 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Бөлме температурасында салқындаған соң сүзіп алып, 1/3 стақаннан ішіңіз. Емді тамақтанудан 20-40 алдын жүргізу керек.
  • 3 ас қасық өгейшөп (мать-и-мачеха) гүлін 2 стақан қайнаған суға салып қақпағын жауып қоясыз. Шамамен 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 20-40 минут алдын қабылдайсыз.
  • 50 гр. қайың бүршігін 2 стақан қайнаған суға салып, жылы жерге қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз.

фото: med-anketa.ru

  • 20 гр. кептірілген ошаған (репейник) үгіндісін 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырыңыз. Салқындаған соң сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 4 рет ішіңіз.
  • 30 гр. кептірілген ошаған (репейник) шөбін 350 гр суға салып, отқа қойсыз. Қайнатпа екі есе азайғанға дейін баяу отта қайнау керек. Сосын оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасықтан әр 3 сағат сайын ішіңіз.
  • 10 гр. үгітілген итошаған (череда) шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішіңіз. Рецепт:
  • 1 ас қасық үгітілген түйежапырақ (лопух) тамырын 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 8 сағаттан соң сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 2-4 рет ішіңіз.
  • 1-2 ас қасық үгітілген итбүлдірген (брусника) жапырағын 1,5-2 стақан қайнаған суға салып, демдейсіз. 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан ішесіз. Емді тамақтанудан 20-40 минут алдын күніне 3-4 рет жүргізу керек.
  • 1 ас қасық үгілген ақжелкек тамырын 400 мл қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 1 сағаттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, 30-50 мл-ден күніне 4 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.
  • 1-2 ас қасық түймедақ гүлін 2 стақан қайнаған суға салып, демдейсіз. Емдік қасиеті мол шайды күні бойы кез келген уақытта ішуге болады.
  • 1 ас қасық үгітілген бақбақ (одуванчик) тамырын 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 2 сағаттан соң сүзіп алып, 2/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 20-40 минут алдын қабылдау керек.


Қадірлі оқырман, бұл ем буыны ауыратын кез келген науқасқа ем болады. Белгіленген мөлшермен өз уақытында мұқият қадағалап ішсеңіз, апта-онкүнде дертіңізден айығасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: aif.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз


Кіші ДӘРЕТКЕ жиі БАРУ ненің БЕЛГІСІ?


Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді