​Тұмаумен ауырмаудың 5 құпиясы

0
41 239

Сізге керегі – пияз, аскорбин қышқылы, теңіз тұзы, бал және лимон.


​Тұмаумен ауырмаудың 5 құпиясы

сурет:antiflu.ru

Біз ұсынып отырған емдік тәсілді 3-ақ күн қолданасыз. Дәрігерлердің 7 күн, 10 күнге жазып берген дәрі-дәрмегін сатып алмаңыз. Оның орнына 3 күн үзбей мына емді қолдансаңыз болғаны.


Сізге керегі – пияз, аскорбин қышқылы, теңіз тұзы, бал және лимон.


1. Тұмауды тұншықтырудың ең оңай әрі қарапайым тәсілі – күніне 3 рет 1 данадан аскорбин қышқылын жеу. Канадалық ғалымдар С дәруменіне бай аскорбин қышлынының пайдасының мол екенін дәлелдеп, спортшыларға, физикалық жұмыспен айналысатындарға, ауыр еңбек істейтіндерге ұсынады. Аскорбин қышқылы иммундық жүеңізді нығайтып, ағзаңызды ауруға қарсы қуаттандырады.

сурет:beautyheight.com

2. Тұмаумен ауырмау үшін күнде жатар алдында 1 шай қасық таза бал жеңіз. Сонда жөтел мазалмай түніңіз тыныш, ұйқыңыз тәтті болады. Әсіресе бұл ем балаларға керемет көмектеседі.

сурет:news.tut.by

3. 1,5 литр қайнаған жылы суға 1 шай қасық тұз қосып, ерігенше араластырыңыз. Оған 1 дана лимонның шырыны мен 1 дана аскорбин қышқылын араластырыңыз. Дайын болған емдік сусынды ұйқыға жатардан 1,5-2 сағат бұрын аз-аз ұртамнан таусытып ішесіз.

сурет:womond.com

4. 1 ас қасық теңіз тұзы мен 1 ас қасық қызыл бұрышты 1 стақан қайнаған суға салып араластырыңыз. Салқындаған кезде жарты стақан алма сірке суын қосып, әр 3 сағат сайын жарты шай қасықтан қабылдайсыз. Артынан 1 стақан жылы су ішуді ұмытпаңыз.

сурет:moskva.tiu.ru

5. 1 дана пиязды қабығынан тазартып, қақ ортасынан екіге бөлесіз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйыңыз. Сонан соң 1 ас қасық шекер араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз.


сурет:oprostatit.ru

Міне, осы емнің ішінен қалағаныңызды таңдап алып, 3 күн үзбей жүргізсеңіз, тұмаумен ауырмайтыныңызға сеніңіз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

ОСТЕОПОРОЗДАН емделудің 6 жолы

КӨЗ ауруларынан КӨК ШАЙДЫҢ көмегімен қоштасыңыз


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.