Остеопороз жылдар бойы байқалмай басталады да, нәтижесінде сүйектер кеуектеліп, сынады.
сурет:everydayhealth.com
20-қазан – Әлемдік остеопороз ауруымен күрес күні. Осыған орай бүгінгі мақаламызда остеопороздың қандай ауру екенін және одан халықтық жолмен емделудің жолдарын ұсынамыз.
Остеопороз – сүйек ауруы. Бұл ауру әсіресе орта жасқа келген әйелдерде климакс басталғаннан кейін белең алады. Остеопороз жылдар бойы байқалмай басталады да, нәтижесінде сүйектер кеуектеліп, сынады. Аты жаман аурудың алдын алу үшін жас кезде, жүктілік кезде Д дәрумені мен кальцийді қажетті мөлшерде қабылдау керек. Сондай-ақ халықтық жолмен де аурудан айығуға болады.
сурет:ainsworthinstitute.com- Күнде тамақтанудан 15 минут бұрын 1 дана тас дәріні (мумиe) ішесіз. Емделу мерзімі –20 күн;
- Жұмыртқаның қабықтарын тұмшапешке салып, 30 минутқа қалдырыңыз. Әбден кепкен қабықты жақсылап ұнтақтайсыз. Сонан соң 150 гр. ұнтаққа 150 гр. ара желімі мен 75 гр. балды араластырып, 2 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емделу ұзақтығы – 2 ай.
- 1 ас қасық ұнтақталған қызыл мия тамырына (coлoдка) 2 cтaқан қайнаған су құйып, тұндырасыз. Шамамен жарты сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 4 рет ішесіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізу керек.
- 2 дана пиязды қабығынан тазалап, тураңыз. Оны қызып тұрған майға салып, қуырасыз. Сарғыш түске енген кезде 1 литр су құйып, қайнатасыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 15 минуттай баяу қайнатасыз. Емдік сорпаны 3-ке бөліп, әр тамақтанудан алдын ішесіз. Емді 1 ай бойы үзбей жүргізсеңіз, остеопороз ауруынан айығатыныңызға сеніңіз.
- 20 гр. ақжелкен мен 20 гр. аскөкті шыны ыдысқа салыңыз. Үстіне 500 мл қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 100 мл-ден күніне 3 рет ішу керек. Емді 6 ай жүргізесіз.
- 1 ас қасық ұнтақталған бақбақты (oдувaнчик) 200 мл қайнаған суға салып, 30 минут тұндырасыз. Тұнбаны теңдей етіп 3-ке бөліп, әр тамақтанудан алдын қабылдайсыз. Емді 3 айдан 6 айға дейін жүргізу керек.
Остеопороз ауруының алдын алу үшін құнарлы, дәруменге бай тағамдарды тұтыныңыз. Сонымен қатар минералды заттарға да мән беріңіз.
сурет:sovetnik-service.ru
Кoфeні, шaйды, шoкoлaдты, тәтті, майлы тағамдарды, май, мapгapин, мaйoнeз, aлкoгoльді ішімдікті, қара бидай ұнынан дайындалған нанды, кapтoп пен етті мейлінше шектегеніңіз жөн. Мүмкіндігінше дастарханыңызды кaльций элементіне бай сүт тағамдарына, жұмыртқаға, жаңғаққа, жасыл түсті көкөністерге толтырыңыз. Сондай-ақ, D дәруменіне бай қаймақты, балықты, А дәруменіне бай салат жапырағын, асқабақты, бауыр мен жемістерді көбірек жеңіз.
Ләззат АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз: