"Құрмет қайда?": Аза тұту күнінде конкурс ойнатқан блогер халықтың ашуын туғызды

0
4 163

Біраз уақыт бұрын айына 6 миллион табыс табатынын жазған болатын.


Кеше елімізде коронавирус құрбандарын еске алып, Жалпыұлттық аза тұты күні өткен еді. Барлық телеарналарда 13-шілде күні ойын-сауық бағдарламаларға тыйым салынып, газет пен әлеуметтік желілерде қаралы күн туралы ақпарат жазылды. Бірақ, "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы, бүгінде блогерлікпен милиондап ақша тауып жүрген Жанерке Елшін бұл ақпараттардың бірін де білмеген, көрмеген болып шықты.

Ол өзінің әлеуметтік желідеге парақшасына коркурс ұйымдастырып жатқанын салып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Қаралы күнді де, індеттен қаза тапқан жандарды да елең қылмаған блогер халықтың ашуын туғызды.



"Бүкіл Қазақстан дұғада отырғанда, күлген фото салып... Қаза болған отбасыларға құрмет қайда? Үлгі болу керексіңдер ғой, қанша оқырмандарың бар", "Өлдіңдер ме, конкурс деп", "Елдің бәрі аза тұтып жатса, бұлар ақша, ақша деп", "Бұл санасыз әлі статус қойып отыр, боянған, таранғанын салып", - деп жазды ашынған желі қолданушылары.

Оқырмандардың сынына қалған блогер, Аза тұту күні туралы Инстаграмнан білгенін жеткізді.



Естеріңізге сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын "Қалаулым" бағдарламасында танысып, кейін отау құрған Жанерке мен Еркебұлан Инстаграм арқылы айына 6 млн табыс табатынын айтқан болатын.