"Ақталғым келмейді": Блогер Аружан Абилова да орамалын шешті

0
245

Ол жеке өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.


Фото: Instagram.com/abilovva_a/

ERNUR.KZ. Танымал блогер Аружан Абилова да хиджабын шешті, деп жазады stan.kz.

Ол жеке өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогер бұл шешімге бір күнде келмегенін, кейінгі бір жыл бойы ішкі ойларымен арпалысып жүргенін жазды.

Сондай-ақ ол бұл шешімі үшін ақталғысы келмейтінін жеткізді.

“Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім… Ешқалай ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз”, – деп жазды Аружан Абилова.

Сонымен қатар блогер болашақта қайтадан орамал тағуға ниетті екенін де аңғартты.

“Алла қайтадан орамалға оралуымды нәсіп етсін”, – деген ол оқырмандарынан түсіністік танытуды сұрады.

Аружан Абилованың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі блогердің шешімін түсіністікпен қабылдаса, енді бірі өз көзқарасын білдіріп жатыр.