Алтынай Жорабаеваны оқырмандары Ким Кардашьянмен салыстырды

0
1 532

Әртіс жазға қарай өзінің сыртқы келбетін бұдан да жақсарта түспек.


Алтынай Жорабаеваны оқырмандары Ким Кардашьянмен салыстырды

ERNUR.KZ. Алтынай Жорабаеваның толық пішініне қарап оқырмандары оны Ким Кардашьянмен салыстырады. Олар әншінің сыртқы келбетіне қызыға да қызғана да қарайды. Алайда мұндай салыстыру Алтынайдың көңілін көтермейді. Әнші сыртқы пішіні мінсіз болуы үшін, ол тағы 20 килограмм тастауы керек деп мойындады.

«Уһ шіркін-ай! Негізі менің салмағым 73 килограм. 27 шілдеде өтетін концертіме дейін 55 кг дейін арықтауым керек. Себебі менің бойым 156 сантиметр», - деп Алтынай өзінің жоспарларымен бөлісті.

Жақында әртіс өзінің “фигурасын” көрсетіп видео жариялаған болатын. Қысқа роликтен қызыл көйлек киген Жорабаеваның дәлізде салтанатпен жүріп өткенін көруге болады. Оқырмандары әншіге мақтау сөздер айтып, жағымды пікірлер қалдырды.

Олардың көбі Алтынайға арықтамаңыз, сізге осы “фигураңыз” керемет жарасады деп кеңес берді.

Дереккөз: 365info.kz.