Әнші Бүркіт орыстың қылықты қызы Наташаны қазақша сайратты (видео)

0
2 959

Ресей әншісінің қазақша айтқан әніне оқырмандары оң баға берген.


 Әнші Бүркіт орыстың қылықты қызы Наташаны қазақша сайратты (видео)

Қазақстандық белгілі әнші Бүркіт пен ресейлік әнші Наташа Королеваның бірлескен жұмысы - "Қылықты қыз" әніне бейнебаян шықты.

"Мен үшін бұл қызықты жұмыс болды. Қазақ тілінде ән шырқап, әсіресе Бүркіт сияқты жігітпен бірге жұмыс істеу ұмытылмастай әсер қалдырды!!! Қазақ достарым, сіздерге баға жетпес тәжірибе үшін рахмет!!!" - деп жазды Королева өзінің Instagram парақшасында.

Ресей әншісінің парақшасына оқырмандары "Әдемі бейнебаян, әдемі орындау. Оның үстіне қазақ елінің Бүркіттей керемет әншісін жақын танып жатырмыз", "Наташа мен Бүркіт әнге деген махаббат, діні, тілі әртүрлі халықтарды біріктіре алатынын дәлелдеді! Наташа үстіндегі оюлы камзолмен тура мың бір түн ертегісінің ханшайымындай" - деген орыс тіліндегі пікірлер қалдырған.


Ал әнші Бүркіттің оқырмандарының пікірі екіге бөлінген. Бір жағы құтты болсын айтып, орысты қазақша сөйлеткен мықтысыз десе, екінші жартысы, "Одан да Айшамен айтқаныңыз жөн еді", "Мынаған қарағанда Нюша әдемі айтады", "Ешқандай қылықты қызды көріп тұрған жоқпын, мыстан кемпір сияқты, қазақ тілін бұзғанын айтпай-ақ қояйық, ұят-ай! " - десті.

ERNUR.KZ