«20 перзентхана, көпқабатты үйлер, шипажай, лагерь салып берсін!»
Танымал әзілкеш, продюсер, бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев Бразилияда кино түсіріп жүрген жерінен «Инстаграм» парақшасында видео жүктеп, оқырмандарына ерекше ұсыныс білдірді.
«Бәріміз, бүкіл халық болып, прикол үшін, @kazalemi парақшасына бірігеміз бе? Не үшін? Мысалы, елімізде техника сататын шетелдік үлкен компания бар «SAMSUNG» деген, олар миллиардтап елімізден ақша (пайда) алып кетеді (қанша жыл болды). Біз соларға ұсыныс жасаймыз. «Біз тек «SAMSUNG» аламыз, ал сіздер бізге 20 облыста әлемде жоқ күшті 20 перзентхана соғып беріңіздер (мысал ретінде айтып жатырмын)» дейміз. Олар келіспейді! Біз «жарайды» дейміз де, «HUAVEI»-ге барамыз, олар біздің біріккенімізді түсініп, келіседі. Біз «ответка» ретінде 2-3 жыл шыдап,тек «HUAVEI» техникасын аламыз, есесіне 20 перзентхана тегін!!!
Сөйтіп, еліміздегі барлық шетелдік компаниялармен келісеміз, «елге жақсылық жасайсың, ал біз саудаларыңа әсер етеміз» дейміз. Бір компания халыққа үйлерін салып берсін, екіншісі Сарыағашта ата-аналарымызға 5 жұлдызды (Дубайдағыдай) курорт соқсын, келесі компания Бурабайда оқушыларға 5 жұлдызды лагерь соғып берсін. Сөйтіп, өз экономикасына әсер ететін әлемдегі бірінші халық болайық. Халықтың батасын алмаған компанияның саудасы жүрмейді» деді Нұрлан Қоянбаев.
Әзілкештің бұл ұсынысын қолдағандар баршылық. «Айфонға айту керек, кредитке кірсе де телефондарын сатып алып жатқан қазақ көп қой», «Бұл ұсынысты мемлекеттік деңгейде көтеріп, заңмен бекіту керек, Түркіменстан қолға алып жатыр», «Идеяңыз жақсы екен, бірақ бұны Бразилиядағы жағажайда емес, өзіміздің Қапшағайдың жағасында айтсаңыз дұрыс еді. Өзіңіз бар ақшаңызды кино түсірем деп шетелге шашып жүрсіз ғой», «Нағыз президент болатын адамсыз», «Сосын еоіміздің астанасын әр 10 жыл сайын басқа қалаға көшіріп отыруды айтыңызшы. Сонда Қазақстанның барлық қаласы дамитын еді» деп жазды көпшілік.