Ол осындай фонда фильм түсіруге болатынын айтты
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Ресейлік әнші Дима Билан ЭКСПО фонында ішкиімшең суретке түсіп, оны өзінің Instagram парақшасына салды.
Әнші сонымен қатар, Астананың ғимараттарына сүйсінетіндігін де қоса жазды.
"Мен Астанадамын! Ұйқыдан тұрған соң жуынуға бара жатып, осындай нағыз футуристік көріністерге куә боласың. Мұнда болашақтың басталғаны туралы фильмдер түсіруге болады. Өзімді "Бегущий по лезвию 2049" немесе "Пекло" филмінің кейіпкері сезінемін", — деп жазды әнші әлеуметтік желі парақшасында.
Еске сала кетейік, әнші Билан Астанада Конгресс-орталығында 15 тамызда концерт қойды. Бұл концерт 22 шілдеде өтуі керек еді, бірақ Денис Теннің қазасына байланысты бір айға шегерілген болатын.