Әнші ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды
Тото Кутуньо Тоскананың Фосдиново қаласында дүниеге келген. Шын аты Сальваторе еді. Кішкентайынан музыкалық мектепте, сырнай сыныбында білім алып, кейіннен барабан мен гитарада еркін ойнай білген.
Алдымен өлең жаза бастаған Тотоны әкесі қолдап, бірте-бірте музыкасын шығаруға баулыған. Бертін келе оған Италияның ең атақты әншілерінен тапсырыс түсіп, аты бүкіл әлемге танылған. Бірақ Тото тек композиторлықпен шектеліп қалғысы келмей, әншілікке ден қойған.
Тото 1980-жылы Сан-Ремода өткен музыкалық байқаулардың бірінде «Solo noi» әнімен бірінші орынды жеңіп алған еді. Ал 1981-жылы суретшінің «La mia musica» деп аталатын көптен күткен дебюттік альбомы шыққан. Бір қызығы, ол осы альбомға енгізілген тректерді бірден бірнеше тілде жазып шығарған.
Тотоның 1983-жылы шығарған ең атақты хиті – «L'Italiano». Осы әнмен талайлардың жүрегін жаулады, әлемді аралап өзінің шығармашылық кешін өткізіп еді.
Әншінің менеджерінің айтуынша, ол Миландағы Сан Рафаэле ауруханасында көз жұмыпты. Бақұл болсын!