Қара нәсілді қыздың "Қалаулымда" қазақша ән айтқаны көптің талқысына түсті (видео)

0
3 009

"Осылар шыққан кезде қызым қатты қорқып қалды, жылап, шошып... Енді шақырмаңдаршы, құрсын"


Қара нәсілді қыздың

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. "Қалаулым" тележобасына жұлдызды қонақ ретінде келіп, қазақтың әнін айтқан "Джамбо-Джамбо" тобының қара нәсілді әншісі көптің талқысына түсті.

Инстаграм парақшасына салынған аталған топтың ән айту үстіндегі видеосын желі қолданушыларының бірі әзілге айналдырса, енді бірі қазақтың әнін айтқандарын ұнатпады. Енді бірі олардың киімін ұнатпай сын айтысты.

"Шақыратын басқа адам таппаған ба?", "әп-әдемі әніміздің быт-шытын шығарды", "Өдеңді жаттап ап тойларда ақша тауып жүр, қазақтар соған мәз", "Таң қалған жоқпыз", "Жетпегені осы еді", "Осылар шыққан кезде қызым қатты қорқып қалды, жылап, шошып... Енді шақырмаңдаршы, құрсын" десіп пікір қалдырғандар болды.

Сондай-ақ, қара нәсілді топтың қазақша ән айтқанын қолдағандар да табылды.