"Кештім, кешірдім!" : Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын айтты

0
3 061

"Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек"


Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпиясын айтты. Әнші күйеуімен ажырасып кеткенін мойындады.

Мөлдір Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші "Тұрмыстасыз ба?" деген сауалға: "Жоқ" деп жауап берді.


Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті.

Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

"Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек.


Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын", - деп жазба қалдырды ол.

Мөлдір болашақта сахнадан кететінін хабарлады.

Айта кетейік, әнші 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған болатын. Әуелбекова 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.

Осыдан аз уақыт бұрын Мөлдірдің бірінші күйеуі 18 жастағы қызға үйленгені белгілі болған еді.