Әншінің бірінші некесінен бір ұлы бар
Әнші Мөлдір Әуелбекова қызды болды. Бұл туралы әншінің әпкесі әрі көмекшісі Меруерт Әуелбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Меруерт Әуелбекова: "Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір бәрі жақсы! Қош келдің Айша қыз! Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін ботақаным".
Мұны оқыған желі оқырмандары қуанышқа ортақтасып, кішкентайға ұзақ ғұмыр мен жақсылық тілеген.