Мөлдір Әуелбекова: "Ақыретте сендерден ақымды алатыныма күмәндарың болмасын!"

0
920

Әнші өзіне ауыр жала жабылғанын айтады.


 Мөлдір Әуелбекова:

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы уақытта сыртқы образы үшін көп сынға түсіп жүр. Ал "Хиджап киетін қыздарға ақша ұсынылады" деген қауесет жанына қатты батқан сыңайлы, әнші бүгін желідегі парақшасына ашынып өкпесін жазды.

Мөлдір Әуелбекова: "Алланың атымен бастаймын! ЕСКЕРТЕМІН!

Бұл жалған дүниеде, менің арымды таптағандарың үшін, маған осындай ауыр жала жапқандарың үшін, сендерді сотқа беріп, уақытым мен жүйкемді бос кетірмеймін.
Көркем сабырмен сабыр етіп, Алланың сотын күтемін!

Бірақ, естеріңде болсын, ақыретте сендердің (осыған қатысты) әрқайсысыңнан өз ақымды алатынымда күмәндарың болмасын! Алла әділ, әрі оның есебі түгел!

Адам асыққанымен, Алла асықпайды!".

Мұны оқыған әншінің әріптестері мен жанкүйерлері оған қолдау білдіріп, жылы сөздерін арнауда. Олардың қатарында белгілі әнші Алтынай Жорабаева "Мәссаған, осындай Алладан қорықпай сөйлетіндерден қорқу керек" десе, әзілкеш Нұрболхан Шарапов "Аллаһ сақтасын! Моля, бұларды сотқа берiп орындарына қоймасаң бiлгенiн iстейдi. 100 % әдiлдiк сен жақта болады, ин ша Аллаһ!" деген ойын айтқан.