"Мың теңгеден қалтасына салып тайып тұрды" - Роза Әлқожаға кімдер ренжулі?

0
4 695

"Мен сыйға тартқан орамал" әнімен көптің ықыласына бөленген жезтаңдай әнші Роза Әлқожаға Түркістан өңіріндегі Шардара халқының айтар уәжі бар. Концерт барысында балаларды тыныштандырамын деп елден сөз естіді.


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әдемі әндерімен халықтың қошеметіне бөленіп жүрген Роза Әлқожа Шардара, Жетісай аудандарында тегін концерт ұйымдастырған. Мақталы мекенде ойдағыдай өткен сазды кеші шағалалы Шардарада жалғасын таппаған. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара аудандық әкімдігінің рұқсат бермеуіне байланысты концертті "Ақ алтын" және "Достық" ауылдарының концерт залына ауыстырған көрінеді. Жылуы жоқ, музыкалық аппараттары істен шыққан концерт залында бір жарым сағат бойы жанды дауыста ән салса да, тыңдармандардың жағымсыз пікірлері әншінің жүрегіне ауыр тиген.



Roza_alqozha: "Бүгін жүрегімді ауыртқан сөз - Шардара ауданы Алатау ауылында өткен кешке жазған келіншектің пікірі болды. Сүткентте, Алатауда концертке жарты зал жиналған екен. Шардарадағы тегін концертті әкімшілік болдырмаған соң ұйымдастырушы екі ауылға екі күн ішінде концерт жасапты.
Ауылдардың қай залы болсын жылу жоқ, суық. Терлеп тұрып мұздайсың.
Содан бірінші концерт басталғанда бірінші әнде-ақ техника "қуа" бастады. Бір апам айқай салды. "Жанды дауыста айт" деп. Біреудің дауысымен айтпайтынымыз анық қой. Домбырамен, гитарамен барынша ән салдық. Залдың жарығы өшпейді екен, екі әйел сыбырласып күліп отырғаны, балалардың ары бір, бері бір жүгіргені бәрі көрініп тұр. Сосын балаларға тыныш деп бір ауыз ескерткенбіз. Үйде өз баламызды да солай ұрысып қоямыз ғой! Аз адам деген жоқпыз. 500-1000теңгеден билет сатылған соң бір сағат, бір жарым сағат жанды қинап шама келгенше орындап шықтық." - деп жазды әнші.

Бес бала тәрбиелеп отырған жезтаңдай әнші, концерт барысында шулаған балаларды тыныштандырамын деп көрерменін ренжітіп алды. Ашуға бұлыққан тыңдармен "Халықтан кешірім сұра" деп, әншіге талап қойғанымен қоса, "Мың теңгеден қалтасына салып, тайып тұрды" деп айыптап жатыр.

Roza_alqozha:Бүгін бір әйел: "не фигура жоқ, не дауыс жоқ. Халықтан кешірім сұра. Өз балаларыңнан айырылып қалма!" депті...
Алла тағалам, қалай-қалай сөйлейді???
Біреуі "мың теңгеден қалтаға сап тайып тұрды де" депті...
Хош делік. Егер шулаған балалар емес, тәйт деген мен кінәлі болсам кешірім сұраймын. Тойда асаба да балаларды тынышталдырушы еді. Менікі артық көрінген шығар. Халықтың аты халық. Бірақ, артық ой болған жоқ. Бір күнде жанды дауыста екі концерт беру оңай емес. Жол жүріп таңда жеттік. Оның алдында екі концерт беріп келе жатқанбыз. Апасы ұрысты дей салуға болмаса, соған бола қарғанып жатса қайтеміз?!.
Бәрімізге жанды беретін бір Алла. Бала да, сіз де құдайдың меншігіміз. Алланың көзі тура болсын! Әлі денем түршігіп, жаман болып жүрмін іштей.
" деп, жазды әнші парақшасында.

Ал, бұл жағдайдан хабардар болған әншінің кейбір оқырмандары "Айтқан адам айта берсін, бізсізді жақсы көреміз", "Халықтың қошеметіне бөленіп жарқырап жүре беріңізші" деп жылы пікір танытып жатыр.