​«Нөлден бастаған әртіспін»: Бағжан Октябрь 3 жылда 300-ден аса концерт берген

0
1 311

«Концерттің соңында қатарынан 5 темекі шектім»


​«Нөлден бастаған әртіспін»: Бағжан Октябрь 3 жылда 300-ден аса концерт берген

Танымал виоленчелист Бағжан Октябрь 3 жылда 300-ден аса концерт берген. Ол бұл жетістікке үздіксіз еңбектің арқасында жеткенін айтты. Ал таяуда оған Түркияның мәдениет министрлігінен ерекше ұсыныс түсіпті.


«Үш жыл бұрынғы Майра Ілиясовамен кездескен видеомды тауып алдым. Түрім жап-жас, ап-арық, сүт олып тұрмын ғой. Сол видеоны көріп, жолда келе жатып ойланып кеттім. Осы үш жылда не болғанын еске түсірдім. Былай қарасам, нөлден бастаған әртіс екенмін. Шыны керек, кейде «қалайша бәрі осылай болып кетті» деп өзім де ұқпай қаламын. Бірақ жауабы – «еңбек – бәрін де жеңбек».


Мойныма жауапкершілік алдым. Кейде «өзіме тым көп алып қойдым ба» деп ойланам. Себебі 3 жыл үздіксіз жұмыс істедік. Шамамен 300-ден аса жеке концерт бердім. Осы уақыт ішінде денсаулығыма онша көңіл бөлмей келіппін. Себебі адамда мақсат болған кезде, ол ештеңеге қарамай шапқылап жүре береді. Мысалы, менде 25-27 жасқа дейін ешқандай жаман әдет болмаған. Өте тәртіпті бала болдым.


Ең бірінші концерттерімде, білмеймін не үшін, ауырып қала беретінмін. Жанымда әрдайым укол салатын мамам жүретін немесе мейірбике шақырушы едік. Соған қарағанда халық алдында өнер көрсету көп күшті талап еткен. Ал қазір бәрі басқаша, сахнадан энергия алып шығамын», - деп жазды өнер иесі.


Тым тәртіпті бала болып өскен Бағжан Октябрь бертін келе темекіге әуестене бастаған.


«Жаман әдет демекші, Түркияға концерт қоя бастаған жыл мен үшін эмоционалды тұрғыда өте ауыр болды. Стресс. Себебі басқа ел, басқа адамдар, ол жақта мені ешкім танымайды. Бірақ өзімді қинап, концерт беруге шешім қабылдадым. Сөйтіп жүріп темекі бастап кеттім. Стамбұлдағы бірінші концертімнен кейін қатарынан 5 темекі шеккенім бар.


Сөйтіп жүріп мен деген бір жылдың ішінде Түркияда 16 концерт беріппін. Ешкімнің көмегінсіз, қолдауынсыз. 16 концерт те «солд аутпен» өтті. Ал жақында біз Түрикядан хат алдық. Біздің концерттердің Түркияда жақсы өтіп жатқанын көріп, бізге концерт қоюға ұсыныс жасады. Бәрін өздері ұйымдастырады және ең мықты сахналарда! Бұйыртса афишасы шығады. Айтпақшы, темекіні көп ұзамай қойып кеттім. Бірақ енді, өз-өзіме сөз бердім. Әр концерттік турдан соң шипажайға екі аптаға кетіп, емделіп, өз-өзіме қарап жүремін», - деді Бағжан Октябрь.