«Іштегі ауру – мәңгілік тыртық болып қалды»
Белгілі блогер, журналист, коуч Мақпал Қаратай өзіне «Сіз бұрынғы күйеуіңізді кешірдіңіз бе?» деген сұрақтың жиі қойылатынын айтты. Бұл сұраққа ол былай деп жауап берді:
«Сіз бұрынғы күйеуіңізді кешірдіңіз ба?»... Осы сұрақты маған үнемі қояды. Жалпы, алдымен анықтап алайықшы. Кешіру деген – ештеңе болмағандай қайтадан ескі қарым-қатынас жасау болса, жоқ! Олай болса, менің өмірімде кешіре алмайтын адамдарым жетеді. Мен ол адамдардың бар екенін ұмытып кеттім, бірақ әрі қарай өміріме кіргізгім келмейді.
Менің түсінігімде кешірім-эмоцияның кетуі. Яғни, ішіңдегі жаныңды жаншыған боль жоқ. Ажырасқан әйелдің міндеті – енді сол больды мудростқа айналдырып, әрі қарай өмірге қорықпай қадам басу.
Ажырасқаннан кейін әйел түрлі сезімге түседі. Алдымен бұрыңғы күйеуіне өкпелейді, тек соны ғана кінәлайды. Сосын жек көреді. Сосын ақталады, айыптайды. Яғни, елдің барлығына күйеуін жамандай бастайды. Себебі, кез келген әйел іштей осы қадамға барғаны үшін өзін кешіре алмайды. Енді өзін ақтап алғысы келеді.
Егер осы этаптардан дұрыс өтсе, әйелге өкініш келу керек. Бұл жерде ең керегі-өкініш. Себебі өкініштің артында мудрость бар. Осы тұста әйел өзінің отбасылық өмірде жіберген қателіктерін анық көреді. Ажырасқан әйелге керегі осы. Алда осы қателігін қайталамас үшін. Кей әйелдер осы өкініш кезінде бұрыңғы күйеуіне қайта қосылады.
Өкініш ащщы. Өзіңді жек көре бастайсың. Ақымақтығыңды анық көресің. Ендігі міндет-осы эмоцияға батып кетпеу. Оның да жіберген қателіктері мен өзіңдікін анық көре отырып, өзіңді эмоциядан суырып алуға тиіссің. Әйтпесе ұзақ жүріп қаласың.
Өкініштен кейін қабылдау келеді. Осыдан соң жаңа өмірге қорықпай қадам басу керек. Кей әйел жек көру этабында қалып кеткеннен кейін, еркектерді жек көріп, қаншама жыл жалғыз жүреді. Енді бірі он жыл-жиырма жыл күйеуіне әлі өкпелеп жүр.
Қалай болғанда да өмір жалғасады. Эмоцияда ұзақ қалып кеткім келмейді. Сондықтан өзімді барлық этаптан жылдам шығаруға тырыстым. Ал іштегі боль-мәңгілік тыртық болып қалды. Ендігі міндет- сол тыртықтарды ақылға айналдыру», - деді Мақпал Қаратай.