"Саудагер болып, баяғыда тізесін шығарғанмын": Гүлзира Айдарбекова өзіне қатысты сынға жауап берді

0
1 090

Белгілі продюсер қазір саудамен айналысып, Түркиядан тауар тасып жүр.


Ұлынан мега жұлдыз жасаған, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қазір Түркиямен сауда жасап, оқырмандарына арнап түрлі сабақтар өткізіп жүр. Қазір "Сауда" деп аталатын сабақ жазып, оны 15 000 мен 120 000 мыңның арасында сатып жатыр. Оның ішінде сауданы үйрететін сабақтар және тауарлар бар. Күн сайын әлеуметтік желіде жазбалар жазып, эфирлер ұйымдастырып жүрген Гүлзира ханымға оқырмандарының көпшілігі сынай қарағанға ұқсайды.



Өйткені олар "Бәрін қойып, саудагер боп кеткен, барлық әртістер...Екі қайықтың құйрығын ұстаған, суға кетеді...деген қазақтың мақалы бар. Әлде бәрі қанағатсыз болып кеткен бе? Бір уақыт қолдарына кітап ұстап, әсіресе Абай атамыздың қара сөздерін оқыса ...осы ӘРТІСТЕР", "Біреуге жан қайғы,біреуге мал қайғы деп Түркияның қайғысына қабырғамыз қайысып көңіл айтып уайымдап отырсақ,таң атпай мынауда саудасын айтып,бір шаршамайтын қатын екенсің ақша, ақша деп өліііп кетпесең нетті" деген сынды пікірді жаудырыпты.

Десе де кәсібі үшін ұялмайтынын және саудамен бұрыннан айналысқанын жазған ол, "Саудагер болып баяғыда тізесін шығарғанмын. Алдымен мін іздеп, кір таптым деп қатты қуанып кеткен сияқтысың ғой. Бәрін ұқыптап тыңдап ал, түсінбесең түсінгендерден сұрап, ақылсыз болсаң да ақылды көзбен қарағаның дұрыс болар" деп оқырмандарын тыйып тастаған.