"Тутамас" әнінің орындаушысы өз әнін қазақ әншісіне сыйлады

0
5 306

Бұл ән тек Түркияда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де хит болды.


Хиттер қатарынан түспеген “Bu akşam olurum” (Tutamas) әнінің орындаушысы оны қазақ әншісіне сыйлады.

Түркияның танымал әншісі Мурат Кекилли өзінің төлқұжатына айналған “Bu akşam olurum” (Tutamas) әнін “А-Элит” продюсерлік орталығының әншісі Абзал Тасмұханбетке тарту еткен, қазақстандық өнерпаз әлемге әйгілі болған түрік әніне қазақша өң бермек.

Бұл туралы отандық әнші өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол желіге түрік әншісінің арнайы құжатқа қол қойып жатқан сәтінен видео жариялап, тыңдармандарын қуантып қойды.

"Бір кездері хит болған “Тутамас” (Bu Aksam Olurum) әнінің авторы әрі орындаушысы Мурат Кекилли аталмыш әнді қазақша орындаудың эксклюзивті құқығын маған берді! Бұйыртса қазір әннің мәтіні мен аранжировкасын жазуға кірісіп жатырмыз", - дейді Абзал Тасмұханбет.


Мурат Кекиллидің 1999 жылы шығарған “Bu akşam ölürüm” атты альбомы үлкен сұранысқа ие болып, сол уақыттың ең танымал үнтаспасына айналған еді. Бұл ән тек Түркияда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де хит болды. 2000 жылы аталған ән және альбом Түркияның ең беделді музыкалық марапатын иеленген.

Бұл жаңалықты естіген оқырмандары сүйікті әндерінің қазақша шырғалатынан қуанып, әншіге сәттілік тілеп жатыр.