Өнер иесі сатыдан сырғанап кеткен.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal
ERNUR.KZ. Танымал әнші Мақпал Жүнісова оқыс оқиғаға тап болды, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі аяқ-қолын жарақаттап алғанын айтты. Сол себепті Қайрат Нұртастың әкесінің туған күніне бара алмағанын айтты.
"Нұртас замандас, 60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз. Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. "Шапаныңыз" Гүлекеңнің каспиінде. Мен аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман қалғанымен тырнақ түбінен сынды", – деп жазды әнші.
Сондай-ақ халық әртісі той иелерінен торт күткенін жасырмады.
“Бір тілім сарқыт беріп жібере ме деп дәмелендім. Бірақ торт келмеді. Тез тырнағың өссін демеді”, – деп әзілдеді әнші.
Желі қолданушылары пікірдің астына той иелерін жаппай белгілеп жатыр.
“Той өткесін салып жіберер”, “Тойдан қолдары босамай жатқан шығар”, “Ақкөңіл, ойындағысын айтатын Маөпал әпкем”, “Мекенжайыңызды айтыңыз, сол тортты мен-ақ беріп жіберейін”, “Той шашуын бердіңіз, сарқыт беретін орны”, – деп жазды көпшілік.