Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз экс-күйеуімен татуласқан ба?

0
3 256

«Жан дүниеңдегі ауыртпалықпен өмір сүру қиын».


Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз экс-күйеуімен татуласқан ба?

Айжұлдыз Адайбекова туған күніне жақын-жұрағаты мен анасынан, дос-жаранынан көптеген сыйлықтар, гүл шоқтарын алғанын сторизінде бөлісті. Ал туған күннің ең қызықты сәті оның ажырасып кеткен күйеуіне ұлын көрсеткені болды.


Суреттерден экс жұбайлардың бірге уақыт өткізгенін байқауға болады. Сонымен бірге А. Адайбекованың өзі де бұл жағдайды күтпеген сыңайлы.

«Жан дүниеңдегі ауыртпалықпен өмір сүру қиын. Бұл жүрекке салмақ. Бұл қиын. Бұл карма. Ауыр тасты көтеріп жүргендей өмір сүргім келмеді. Біздің келешегімізді тұсаулайтын нәрсе, ол – өкпе мен реніш», - депті ол. Соған қарағанда Айжұлдыз Адайбекова Қыран Талапбекті кешіріп, өзара ымыраға келген сияқты.