​«Жинаған ақшамды суға ағызып жібердім»: Әнші Нұрболат Қанай марқұм інісін еске алды

0
12 820

«Інімді емдету үшін табылған жұмыстың бәрін істедік»


​«Жинаған ақшамды суға ағызып жібердім»: Әнші Нұрболат Қанай марқұм інісін еске алды

Әнші Нұрболат Қанай «Ұйқым келмейді» бағдарламасында бір бума ақшаны не үшін суға ағызып жібергенін айтып берді.


«Дияр деген туған інім лейкемия ауруына шалдығып, өмірден өтіп кетті. Сол кезде мен 10-11 сынып оқитын баламын. Сабақтан соң мешіттің жанындағы мұсылман дүкенінде миск, жайнамаз, діни кітаптар сатам. Сол үшін айына 15-20 мың теңгедей ақша төлейтін. Сол айлығымды жинап жүрдім. Інімнің ауырғаны жаныма батып, интернеттен лейкемия ауруына шалдыққандарды қалай қолдауға болатыны жайлы видеоларды сағаттап қараушы едім. Сонда білгенім, оларға мотивация беру керек екен. «Кел, екеуміз алдымызға мынандай мақсат қойып, соған бірге жетейік» деп өмір сүруге талпындыру керектігін білдім. Содан інім емделіп жатқан елге барып-қайту үшін жолкіреме ақша жинадым. Бар ойым інімнің жанына жетіп, мотивация берсем, кішкене болса да қолдау білдірсем деген ой болды.


Дияр сол кезде небәрі 7 жасар бала еді. Мамамыз сол інімізді емдету үшін үй бетін көрмейтін. Папам екі-үш айлап жұмыс жасап, сыртта жүретін. Қапшық та тасыды, құрылыста да істеді, шабашканы да көрді. Інімнің еміне қажетті дәрі-дәрмекті табу үшін табылған жұмысты істей бердік. Біз өзімізбен өзіміз өмір сүріп, ерте жетіліп кеттік. Бірақ, өкінішке қарай, інім өмірден өтіп кетті. Одан айырылып қалғасын «жинап жүрген ақшамнан не пайда болды» деп ренжіп, күйзеліп, суға ағызып жібере салдым» деді Нұрболат Қанай.


Әнші інісінің қазасынан кейін ай сайын жүйелі түрде қайырымдылықконцерттерін ұйымдастырып тұрамын деп өзіне сөз берген екен.


«Қазір жетілдік, жағдайымыз жақсарды. Бірақ қасымда інім жоқ. Тірі жүргенде дәл қазір оған мотивацияның көкесін берер едім. Емдетуге де мүмкіндігім болар еді. Енді біздің қолдан келетін нәрсе тек қана қайырымдылық жасау. Сол себепті мен қазір айына екі мәрте тегін концерт немесе тойға барамын. Тек жатын орным мен жолкіремді төлесе болды. Барып, өнерімді көрсетіп қайтамын. Негізі, алдағы уақытта інім емделген ауруханаға барып та өнер көрсеткім келеді. Сол жердегі балаларға қолдау көрсетіп, ауыр дертпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айтсам деген арманым бар» деді Қанай.