Бүгінгі таңда бұл екі ауру түрі адамдар үшін өте қауіпті!
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Менингококкты инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда катаралдық құбылыстар (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқала бастайды. Ал, ондай кезде бірден дәрігерге көрініп, барлық кеңестерін орындаңыз:
• Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын
сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау;
• Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу;
• Созылмалы инфекция ошақтарының санация жүргізуі маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару керек;
• Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;
• Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және т. б. аулақ болу;
• Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!
Серозды менингиттің алдын алу іс-шаралары:
• Кішкентай бала үшін ашық су айдынында шомылу қауіпті, рұқсат етілмеген жерге шомылуды шектеу;
• Ішуге қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
• Барлық өнімдерді, жидектер, көкөністер, жемістерді ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю;
• Қолды мұқият сабынмен жуып жеке бас гигиенасын сақтау;
• Дұрыс демалу, тиімді тамақтану, спортпен айналысу, шынығу және салауатты өмір салтын ұстану керек!