Әйелдің бақыты жасырылған ҚҰПИЯны білесіз бе?

0
3 072

​Бақытты да, табысты да ететін құпияны біліп алыңыз.


Әйелдің бақыты жасырылған ҚҰПИЯны білесіз бе?

Фото: million-wallpapers.ru

Өмір – жұмбақ. Бірақ сол жұмбақ пен құпияның бәрін адамзат табиғатқа зер салса, көре алады екен. Мысалы, табиғаттағы әр зат өз атына сай. Психолог мамандардың айтуынша, егер әйел де жаратылысына сай болса, оның бақыты еселене түседі. Ал әйелдің табиғи жаратылысы қандай?

Әйел десе, ең бірінші ойыңызға «нәзік» деген сөз көлері анық. Дұрыс. Жантану мамандары да әйел бойында осының болуы өте маңызды дейді.

Біріншіден, бұл әйелдің нағыз ер-азаматқа тұрмысқа шығуына жәрдемдеседі екен. Ал нағыз азамат әйелді қорғағысы, оны жылы ұямен қамтамасыз етіп, сәнді киіндіріп, барлық қалауын орындағысы келеді.

  • Екіншіден, әйелдегі көп ауру ол өзінің «нәзік әйел» екенін ұмытқанда пайда болатын көрінеді. Әсіресе, әйел жыныс аурулары еркектің жұмыстарын атқаратындарда жиі кездесетінін айтады мамандар.
  • Үшіншіден, әйел қаншалықты нәзік болса, оның еркекті көп табыс табуға итермелейтін, жетістікке ұмтылдыратын энергиясы артады. Бұны еркек те, әйел де байқамауы мүмкін. Бірақ нәзіктіктен бөлінетін әйел энергиясы ғаламат дейді ғалымдар. Бұндай әйелдің қалауын кез келген еркек міндетті түрде орындайды.
  • Төртіншіден, нәзіктік артқан сайын әйелдің ана болу қабілеті де жоғарылайды.

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ созбалақтамай нәзік болудың әдіс-тәсілдері туралы жазайық. Сонымен, нәзік болу үшін не істеу керек?



Сенімділік

Табиғаттың ең көркем жаратылысы – әйел. Бұған еш күмәніңіз болмасын. Әр әйел өз алдына сұлу, сүйкімді, тартымды. Сондықтан да «бойым қысқа», «көзім қысық» деп, жаратылысыңызға өкпелемеңіз. Керісінше, «Мен әйелмін, демек тартымдымын» деп, әрдайым сүйкімділігіңізге сенімділігіңізді арттырып күлімдеп жүріңіз.

Еркекті тартатын магнитіңіз – сыртқы сұлулығыңыз емес, өзіңізге деген ішкі сенімділік. Сіз өзіңізді қандаймын деп ойлайсыз, айналаңыздағы адамдар да дәл солай қабылдайды. Міне, сенімділіктің, сенімді ойдың құдыреті.



Жұпар иіс

Әйел – гүл. Иә, оны ақын-жазушылар бекерге гүлге теңемеген. Сондай-ақ гүлді еркекке емес, әйелге сыйлайды.

Әйел гүл сияқты жұпар аңқып тұруы керек. Бұл оның нәзіктігін арттырады.

Мамандар әйел иіс су сепкенде өзін нәзік сезінетінін, мінез-құлқы да бірден өзгеріп шыға келетінін анықтаған. Олай болса, үйде де, түзде де иіс су сеуіп жүріңіз. Эфир майларымен денеңізді сылаңыз. Тамақтан ақша үнемдесеңіз де, иіс су мен косметикаға келгенде сараң болмаңыз.



Массаж

Әйелдің тәні аймалағанды, сипалағанды ұнатады. Өйткені ол дәл осындай кезде толық босаңсып демалады. Ал энергия арнасы тән мен жан бүкіл тұрмыстық мәселені бір сәт ұмытып босаңсығанда ашылады екен.

Сондықтан да жиі-жиі массаж жасатып тұрған жөн-ақ. Немесе өзіңіз-ақ күнде аяғыңызға, бетіңізге крем жағып сипалаңыз. Бұл да массажбен тең.



Шаш

Әйелдің нәзіктік энергиясының бір бөлігі шашында. Сондықтан да шашты тым қысқа етіп қидырмаңыз. Сонымен қатар шашыңыздың күйіне, түсіне көңіл аударып, маскалармен нәрлендіріп отыруды әдетке айналдырыңыз. Жиі тараңыз әрі үнемі шаш қою үлгісін ауыстырып отырыңыз.



Киім

Шалбар емес, етекті көйлек киіңіз. Дөңгеленген етек әйелдің жерден алатын энергиясын көбейтеді. Жер-ана деген сөз бар барлық ұлтта, Жер-әке деген сөз жоқ ешқайсысында. Әйел энергияны Жерден, табиғаттан алады. Олай болса, балаңызды аулаға ойнатуға алып шықсаңыз да, саябаққа құрбыларыңызбен барсаңыз да етекті көйлек киіңіз.



Үй тазалығы

Әйел мен үй тығыз байланыста. Сондықтан болар қазақта «Үйдің берекесін әйел кіргізеді» дейді. Үй жұмыстан шаршап келген ер-азаматтың демалатын орны. Үй бала-шағаны өсіретін жер. «Әйел үйдің адамы» деген де нақыл бар. Әйелдің уақытының көп бөлігі үйде өтеді, сондықтан ондағы әр затты таза ұстауға тырысыңыз. Артық әрі ескі заттарды үйде сақтамаған дұрыс.



«Қыпша бел»

Әйелдің қуаты белінде көп дейді мамандар. Ол неғұрлым жіңішке болса, соғұрлым нәзіктік қуаты артатын көрінеді. Демек, белді май басудан сақтау керек. Артық салмақпен күресіп отырыңыз.


Байқасаңыз, нәзіктікті арттырудың амалдары қарапайым. Ендеше, осы қарапайым амалдарға көбірек көңіл бөліп, уақыт арнап нәзік әйел болыңыз.



Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Әйел шыдамау керек – ұнамаған жерден КЕТІП ҚАЛУҒА құқығы бар


Күйеуге тию – проблемадан құтқармайды