НЕГЕ ұйқы алдында бұл аффирмацияларды АЙТУ КЕРЕК?

0
3 381

​Небәрі 5-ақ минут уақыт арнайсыз, нәтижесі керемет.


НЕГЕ ұйқы алдында бұл аффирмацияларды АЙТУ КЕРЕК?

фото: p2.trrsf.com

Күз-қыс айларында аурулардың қозатынын бәрі біледі. Қалай сақтану керек? Медицина мамандары ағзаның иммунитетін көтеру қажеттігін, құнарлы тамақтанып, денені жылы ұстау және спортпен айналысу керектігін айтады. Ал белгілі психолог Луйза Хэй «Өзіңді емде» атты кітабында аурудың алдын алу үшін аффирмация айтуға кеңес береді.

Аффирмация – сөз арқылы миды бағдарламалау. Қайталана берген сөзге ми сеніп, ағза соған қарай бейімделеді.

Емделудің дәстүрлі емес түріне жататын бұл емдік тәсілді қолданып көріңіз. Психиатр Луиза Хэй тіпті осындай аффирмацияларды күнде айту арқылы ол рак ауруынан дәрісіз айыққан. Ендеше, сіз де күнде мына аффирмацияларды айтуды әдетке айналдырып, көп дерттен құтылыңыз және аурудың алдын алыңыз.



  • Сау тән үшін былай деңіз: Тәнім – әсем. Мен өмір сүргенім үшін қуанамын. Мен өзімнің тамаша тәнімді сүйемін және бағалаймын!

  • Бас терісінің саулығы үшін: Менің басымның терісі бос және тыныш. Ол менің әдемі шаштарымның өсіп, толық болып тұруы үшін қуат береді. Мен өзімнің басымның тамаша терісін сүйемін!

  • Шаштың түсуі мен ағаруының алдын алу үшін: Мен басымның терісін жұмсартамын, сөйтіп менің тамаша шаштарымның өсіп, топ-толық болып тұруына мүмкіндік жасаймын. Мен шаштарыма махаббатпен қараймын және олардың өсуі мен мықты болуына жәрдем жасарлық ойларды таңдаймын.

  • Көз саулығы үшін: Менің көзім өте жақсы көреді. Мен барлығын анық және жарқырата көре аламын. Мен өзімнің өткеніме, бүгініме және болашағыма махаббатпен қараймын. Мен әр адамдағы жақсылықты көре аламын.

  • Құлақ жақсы есту үшін: Маған құлақтарым ұнайды. Мен барлық жақсы нәрселерді тыңдағанды жақсы көремін. Мені менің өмірді тыңдай білу қабілетім қуантады. Мен өзімнің тамаша құлақтарымды жақсы көремін.

  • Мұрын саулығы үшін: Мен өзімді қоршап тұрғандардың бәрімен бейбіт өмір сүремін. Мен өз әлемімде күш пен биліктің иесімін. Мен қашан да өзімнің дұрыс жолымды таңдаймын.

  • Ауыз қуысы ауруларынан сақтану үшін: Мен жаңа идеялардан қуат аламын. Менде өмірге деген керемет сүйіспеншілік бар. Мен қай нәрсе болсын махаббатпен айтуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен не ойласам соны батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін.

  • Тіс саулығы үшін: Менің тістерім сау және мықты. Мен өмірге қуанышпен қараймын. Мен өзімнің өткен тәжірибемді толық ой елегінен өткіземін. Мен өзімнің Ішкі Ақылыма сенемін, өйткені мен қандай таңдау жасасам да, ол маған сол сәтте ең тиімдісі болып шығады. Маған тістерім ұнайды.

  • Мойынды әжімнен қорғау үшін: Мен өзге пікірлердің болуын және мақсатқа жетудің өзге де жолдары болуын қабылдауға әзірмін. Мен мұның бәрін еркін мойындаймын. Мен өзгерістерге ұмтыламын. Мен өзімнің идеялардағы биязылығымды және шығармашылық ерекшелігімді сақтап қалуға зияны тимейтін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша мойнымды сүйемін және бағалаймын!

  • Қол саулығы үшін: Мен өмірден рахаттанамын. Мен өмірдің түрлі жағдайларын дұрыс қабылдау қабілетіне иемін. Мен – мықты, қабілетті және қайраткер адаммын. Мен өзімнің тамаша қолдарымды сүйемін және бағалаймын!

  • Ас қорыту мүшелерінің саулығы үшін: Маған ішкі ағзамның жұмысы ұнайды. Асқазаныма, бауыр мен бүйрекке, ұйқы безіне алғыс айтамын...


Осылай кез келген он екі мүшеңізге арналған аффирмацияларды өз сөзіңізбен айтып, құрастырып алсаңыз да болады. Байқағаныңыздай, бастысы он екі мүшеңізге жақсы көретініңізді, оны бағалайтыныңызды, ұнайтынын айту.

Жалпы психологияда адам өзінің тәнін, жанын сол қалпында сүйіп, қабылдағанда оның өмірі, денсаулығы, тұрмыстық жағдайы бірден жақсаратыны айтылады. Бұл зерттелген, дәлелденген тәжірибе. Сондықтан әр күні он екі мүшеңізге алғыс, сүйіспеншілік қуатын сөзбен жеткізіп отыруды әдетке айналдырыңыз. Сонда ауру сізге ешқашан жоламайды.

Сау тән үшін айтылатын аффирмацияларды күнде бөлек-бөлек айтсаңыз да болады. Мысалы, бүгін басыңызға алғыс айтсаңыз, ертең көзіңіздің саулығын нығайтатын аффирмация айтыңыз. Келесі күні құлаққа, одан соң мұрынға арналған жақсы сөздеріңізді айтып ұйықтаңыз. Нәтижесін көп ұзамай-ақ байқайсыз.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Брекетті қанша жасқа дейін қойдыруға болады - дәрігер жауабы

КҮЙЕУІҢІЗДІ аз уақытта ортасына БЕДЕЛДІ ЕТЕТІН 3 техника бар