Жазда орындалуы тиіс 6 ЭКОТЕРАПИЯ түрі

0
223

​Шипасы шипажайдан кем емес. Міндетті түрде орындаңыз!


Жазда орындалуы тиіс 6 ЭКОТЕРАПИЯ түрі

Иллюстрациялық көрнекілік: i.pinimg.com

Жаз – күш-қуатты қалпына келтіріп, физикалық әрі психикалық денсаулықты жақсартуға мүмкіндік беретін маусым. Табиғат аясына, тауға шығыңыз, күнге қыздырыңыз, өзен-көлге шомылыңыз, далада ұйықтаңыз. Осындай демалыс барысында дәрісіз иммунитетті күшейтетін мына экотерапия әдістерін міндетті түрде орындаңыз.



1. Орман терапиясы

Орман терапиясы — ағаштардың энергиясы арқылы денсаулықты нығайтатын және эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыратын тәсіл. Ормандағы ағаштар, өсімдіктер, топырақ пен ауа – барлығы адамның жаны мен тәніне оң ықпал етеді.

Терапиялық пайдасы

  • Иммунитетті нығайтады;
  • Қан қысымын реттейді;
  • Күйзелісті жеңілдетеді;
  • Тыныс алу жолдары ауруларын емдейді;
  • Жүйкені тыныштандырады;

Қолдану жолы: Орманда асықпай жүріңіз. Ағаштардың дің қабықтарына, үлкен жапырақтарына зер салыңыз. Құс-жануарлардың дауыстарын естіп, ағаштарды құшақтаңыз, гүлдерді иіскеңіз, терең-терең тыныс алыңыз. Ағаштарды құшақтағанда, өсімдіктерге қол тигізгенде негативті энергияңызды беріп, жаңа қуат плып жатырмын деп ойлаңыз, сезініңіз.



2. Акватерапия

Сумен емделу немесе акватерапия — судың қасиеттерін пайдалана отырып, денені және жан дүниені сауықтыру әдісі. Су адамға физикалық және эмоционалдық жағынан әсер етеді.

Терапиялық әсері:

  • Бұлшықеттерді босатады;
  • Қан айналымын жақсартады;
  • Метаболизм процесін күшейтеді;
  • Көңіл-күйді тұрақтандырады;
  • Иммундық жүйені қолдайды;

Орындау әдісі: Суда жүзіңіз, бассейнде жаттығу жасаңыз. Теңіз жағалауында суды кешіп серуендеңіз. Денеңізді суға толық батырып шыдағанша тұрыңыз. Денені бос тастап су бетінде қалқып жатыңыз.



3. Гарденотерапия

Бұл бау-бақшада өсімдіктермен жұмыс істеу арқылы денсаулықты жақсарту тәсілі. Бұл терапия адам жанына жайлылық сыйлап, көңіл-күйді көтереді.

Пайдалы жақтары:

  • Уайымды азайтады;
  • Депрессия белгілерін жеңілдетеді;
  • Эндорфиндердің бөлінуін ынталандырады;
  • Шығармашылықты дамытады;
  • Жүйке жүйесіне шипа.

Қолдану жолы: Өсімдіктер, көшет, гүл отырғызыңыз, оларды суарыңыз, күтіп-баптаңыз. Өнім жинап, табиғатпен ұзақ уақыт байланыста болыңыз.



4. Жаяу серуен терапиясы

Табиғат аясында, саябақта немесе таулы аймақтарда жаяу жүру — жүйкені тыныштандырып, қуаттандыратын оңай әрі тиімді әдіс. Бұл серуен кезінде ми белсенділігі, өмірге құштарлық артады.

Терапиялық әсері:

  • Калорияны жағуға көмектеседі;
  • Эмоциялық тепе-теңдікті сақтайды;
  • Тыныс алу жүйесін жақсартады;
  • Дене белсенділігін арттырады;
  • Жаңа идеялардың пайда болуына, мәселе шешімдерін дұрыс табуға ықпал етеді.

Қолдану жолы: Табиғи ортада ұзақ уақыт серуендеп, барлық зейінді табиғат көріністеріне және тыныштыққа бағыттаңыз.



5. Жалаң аяқ жүру терапиясы

Бұл әдіс — адамның жалаң аяқпен жерге тікелей байланыс орнатуы арқылы қалпына келу жолы. Ғалымдар жермен тікелей байланыс кезінде табандағы нүктелер арқылы бүкіл ағзада сауығу процесі жүретінін дәлелдеген.

Терапиялық пайдасы

  • Жалпы физикалық жағдайды жақсартады;
  • Стенокардия мен гипертонияның алдын алады;
  • Ақыл-ой қабілетін дамытады;
  • Ішкі ағза мүшелерінің рецепторларын ояту арқылы жұмысы белсенеді;
  • Жүйке жүйесі нүктелері арқылы психикалық бұзылыстарға ем.

Қолдану жолы: Өзендегі қиыршық тастарды басып, ыстық құм, топырақ үстінде жалаң аяқ жүріңіз. Көк шөпті басып жүріңіз, ағаш көлеңкесінде шөпте жатыңыз. Тәніңіз жермен тікелей жанасқанда денеңізді босаңсытып, тыныштық пен тепе-теңдік сезімін қабылдаңыз.



6. Дыбыс терапиясы

Табиғаттың әуендерін, дыбысиарын тыңдау — адамның сезіміне әсер етіп, психологиялық жағдайын жақсартатын экотерапия түрі.

Терапиялық әсері:

  • Психологиялық тұрғыда тынықтырады;
  • Дыбыс толқындары жеке жасушаларға жетіп оятады, жаңартады;
  • Уайымды басады;
  • Жүйке жүйесін реттейді;
  • Жалпы әл-ауқатты жақсартады;

Орындау жолы: Құстардың әнін, желдің уілін, ағаш жапырақтарының сыбдырын, шегіртке мен бақаның даусын, теңіз шуын тыңдаңыз. Көзді жұмып, тыңдап отырып медитация жасаңыз. Әр дыбысты жан-тәнмен тыңдап, бойды, ойды балқытыңыз.

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Көзқарас: ЕНЕні "МАМА" деп атаған ДҰРЫС па?

Өзіңді ЖЕҢУдің ОҢАЙ 4 жолы