Бұл бағыттар туристерді орналасудың, тамақтанудың және ойын-сауықтың арзан болуымен, сондай-ақ көлік қызметтерінің қолжетімділігімен тарта алады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Саяхат көңілді болуы үшін бағасы қымбат болуы міндетті емес. Себебі сіздің бюджетіңізге қарамастан таңғажайып пейзаждарды, бірегей мәдениетті және көрікті жерлерді ұсынатын көптеген бағыттар бар. Осыған орай 2024 жылы танымал болатын 10 бюджеттік бағытты қарастырдық. Бұл бағыттар туристерді орналасудың, тамақтанудың және ойын-сауықтың арзан болуымен, сондай-ақ көлік қызметтерінің қолжетімділігімен тарта алады.
Қолжетімді 10 туристік бағыт
1. Вьетнам
Вьетнам - Азиядағы ең танымал бюджеттік бағыттардың бірі. Мұнда Сіз Халонг шығанағы сияқты таңғажайып табиғат көріністерін тамашалап, Нха Трангтың тропикалық жағажайларын және Хой Ан сияқты ежелгі қалаларды аралай аласыз. Вьетнам арзан демалыспен және дәмді көше тағамдарымен, сондай-ақ арзан қонақүйлер және көлікпен танымал болып келеді.
2. Танзания (Занзибар)
Танзания – аз ақшаға көптеген шытырман оқиғаларды ұсынатын экзотикалық орын. Занзибар таңғажайып жағажайларды, маржан рифтерін және бай тарихты ұсынады. Ал Танзания ұлттық саябақтарына саяхаттау бірегей жануарларды табиғи мекендерінен көруге мүмкіндік береді.
3. Түркия
Түркия ежелгі қалаларды, керемет жағажайларды және достық атмосферасын біріктіретін ел. Стамбул, Анталия және Каппадокия - баруға тұрарлық көптеген орындардың бірнешеуі ғана. Бюджеттік демалысқа қолайлы қалалары тарихи орындарды, дәмді тағамдарды және арзан қызметтерді ұсынады.
4. Египет
Египет - ежелгі пирамидалардың, құмды шөлдердің және таңғажайып теңіз курорттарының мекені. Египетке саяхат, әсіресе Каир мен Луксор сияқты қалаларда өте арзан болуы мүмкін. Египет сонымен қатар Хургада және Шарм-эль-Шейх сияқты арзан Қызыл теңіз курорттарымен танымал.
5. БАӘ
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) өмір сүру үшін қымбат жер болып көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Дубай мен Абу-Даби көптеген іс-шараларды, сәнді жағажайларды және таңғажайып заманауи көрікті жерлерді қолжетімді бағада ұсынады.
6. Тайланд
Тайланд - Оңтүстік-Шығыс Азияның ең танымал бюджеттік бағыттарының бірі. Мұнда сіз таңғажайып жағажайларды, түнгі өмірді және ежелгі храмдарды таба аласыз. Қазақтардың «шетелде қайда демалу керек?» деген сұрағына жауап табылатын ел. Бангкок, Пхукет және Чианг Май әртүрлі ойын-сауық пен қызметтерді ұсынады, бастысы қолжетімді бағамен.
7. Үндістан
Үндістан - терең тарихы мен бай мәдениеті бар алып ел. Мұнда Сіз Тәж-Махалға барып, Гималай тауларын тамашалай аласыз және Дели мен Мумбай сияқты қалалардың түрлі-түсті атмосферасына қаныға аласыз.
8. Шри-Ланка
Шри—Ланка – «тропикалық жұмақ», онда сізді тәнті ететін таңғажайып жағажайлар, шай плантациялары және ежелгі храмдар бар. Мұнда Сіз Сигирия мен Канди сияқты жерлерге барып, бай табиғатты тамашалай аласыз.
9. Қытай (Хайнань аралы)
Хайнань - Қытайдағы танымал жағажай бағыты. Арал тропикалық жағажайларымен, пальмалы тоғайларымен және қолжетімді курорттарымен танымал.
10. Әзірбайжан
Әзірбайжан - заманауи қалаларымен және тарихи орындарымен туристерді тартатын, қарқынды дамып келе жатқан ел. Әзірбайжанның астанасы Баку ескі мен жаңаның қарама-қайшылығымен, сондай-ақ қызықты сәулетімен ерекшеленеді.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
ТЕҢІЗГЕ ҰШАМЫЗ: Осы жазда қай елдерде демалған дұрыс?
Азиядағы ЕҢ КЕДЕЙ 10 мемлекет