​Әлемдегі ең ҚОРҚЫНЫШТЫ әрі ТӘБЕТ ҚАШЫРАТЫН тағамдар – 1

0
904


​Әлемдегі ең ҚОРҚЫНЫШТЫ әрі ТӘБЕТ ҚАШЫРАТЫН тағамдар – 1

Әлемде дәмді және тартымды тағамдар өте көп және олады сүйіп жейтін гурмандар да жетерлік. Алайда, талғамның әртүрлі болатыны белгілі. Біреулерге жағатын кей тағамдар ерекше дәмі мен көрінісі арқылы басқа адамдарға жағымсыз әсер қалдырады. Ал мына дәм түрлеріне қарағанда талғамдардың осыншалықты контрастылығына таң қалмасқа шара жоқ.

Әлемдегі ең сүйкімсіз әрі жағымсыз, тәбет қашырарлық тағамдар туралы сөз қозғап, олардың ерекшеліктеріне, тарихына және әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі маңыздылығына назар аударғалы тұрмыз.


1. Тунец көзі, Жапония

Тунец көзінің сыртқы қабаты резеңке қабықпен қапталған, ал ішінде кальмардың немесе сегізаяқтың дәміне ұқсас жұмсақ майлы зат бар. Бұл тағам көпшілігіміз үшін оғаш, адам шошытарлық болуы мүмкін. Тек жапон халқы үшін емес. Өйткені Жапония дүкендерінен сізге бақырайып қарап тұрған балық көздері қаптамасын табу қиын емес. Ал мейрамханаларда сізге бұл көздерді пісірілген, бұқтырылған немесе аздап қуырылған түрде ұсынады.


2. Уитлакоче, Мексика

Уитлакоче – жүгері дәндерінің шіруіне әсер ететін саңырауқұлақ. Споралар собық қауданына еніп, ішінде өсіп, оны танымастай етіп өзгертеді. Мұндай ұсқынсыз нәрсені жеп көру алғаш кімнің ойына келгенін білу қиын. Бірақ әйтеуір бір дәмін татқаны анық. Жеуге жарамды, тіпті тәтті деп бағалағандықан, қазігі уақытта уитлакоче Мексикада құнды өнім болып саналады. Одан «жүгері трюфелі» аталатын десерт дайындайды және басқа да бірнеше деликатес тағамдарға қосады.


3. Шиокара, Жапония

Шиокара – жапондық дәстүрлі тағам. Негізгі ингредиенті – теңіз өнімдері, мысалы, кальмар, балық немесе теңіз шаяндарының ішектері. Бұл өнімдер тұзды ерітіндіде бірнеше ай бойы ферменттеледі. Нәтижесінде тағамға ерекше дәм мен хош иіс беретін өнім пайда болады. Ферментация процесі кезінде теңіз өнімдерінің табиғи тәттілігі мен тұзды дәмі күшейеді. Сіз бен біздің келісуіміз қиын, алайда жапон халқының ойынша солай.

Шиокара көбінесе қосымша тағам ретінде немесе сэндвичтерде, салаттарда күрішпен бірге қызмет етеді. Бұл тағамды жапондықтар көбінесе жеңіл тағам ретінде немесе ащы дәмді ұнататындарға арналған тағам ретінде пайдаланады.


4. Қуырылған өрмекші, Камбоджа

Қуырылған өрмекші Камбоджа мен Лаос сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ежелден бері дайындалып келеді. Бұл тағамның тарихы қиын кезеңдермен байланысты. Мысалы Камбоджадағы аштық кезінде халық аман қалу үшін әртүрлі өсімдіктер мен жәндіктерді жеуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта қуырылған өрмекші Камбоджа мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Туристер үшін дәстүрлі кулинариялық тәжірибе ретінде ұсынылады. Бұл тағамның негізі – терісі жұмсақ, шырынды еті бар үлкен өрмекшілер мен таракандар, оларды тұздап, қуырып дайындайды.


5. Жүз жылдық жұмыртқа, Қытай

Жүз жылдық жұмыртқа – Қытайдың дәстүрлі және ерекше тағамдарының бірі. Атауының өзі көп адамдарды қызықтырып, таңдандырады. Тәрелкедегі жұмыртқа шын мәнінде жүз жылдық емес. Бірақ балғын емес екені де анық, ұзақ уақыт бойы (бірнеше ай) сақталған. Жұмыртқалар алдымен қаптамаға салынады, ол әдетте қара топырақ, саз, әк және күлден жасалған арнайы қоспа болып табылады. Бұл қоспа жұмыртқаны ұзақ уақыт бойы сақтау үшін пайдалы қасиеттерге ие. Жұмыртқалар бірнеше ай бойы осы қоспамен көміліп, сақтау процесінде ферментацияға ұшырайды. Ұзақ уақыттан соң олардың қабығы қатты қоңыр немесе қара түске айналады. Ақуызы қоңыр немесе қара түске өзгеріп, тұтқыр және жабысып тұратын болады. Сарыуызы қара жасыл немесе сұр түске айналады. Сарысының дәмі жұмыртқаның ішіндегі арнайы ферментация процесінен туындайтын ерекше хош иісті болады.

Қытайда бұл тағамды пункт-эмбо немесе қара жұмыртқа деп те атайды. Көбінесе қытай салаттарында, күрішпен, кеспемен немесе сорпамен бірге ұсынады.


6. Жабайы ара печеньесі, Жапония

Жапондық аспаздықтағы салыстырмалы түрде жаңа сөз – «ара печеньесі» ХХІ ғасырда танымал болды. Бұл алдын ала қайнатылған жабайы аралар қосылған күріш ұнынан жасалған крекер. Кәдімгі печеньелерден ол ақуыздың рекордтық құрамымен ерекшеленеді.


7. Беондеги, Оңтүстік Корея

Беондеги – бұл Кореяның дәстүрлі, ерекше және экзотикалық тағамы. Ол көбінесе құмырсқаның дернәсілдерін немесе құрттарды қуыру арқылы дайындалады және Кореяның көше тағамдарының бірі болып табылады.

Беондеги үшін негізінен құмырсқаның дернәсілдері немесе басқа да жәндіктер, көбінесе құрттар (яғни, құрттардың дернәсілдері) пайдаланылады. Бұл жәндіктердің көбісі корей асханасында бұрыннан бері тағам ретінде тұтынылған.

Тағамды дайындау үшін дернәсілдер немесе құрттар әдетте қайнатылады немесе қуырылады. Олар арнайы дәмдеуіштермен немесе тұзбен дәмделіп, хош иісті қытырлақ тағамға айналады. Беондегидің дәмі көптеген адамдарға ерекше және экзотикалық болып көрінеді.


8. Құс ұясының сорпасы, Оңтүстік-Шығыс Азия

Азиялық гурмандар осы тағам үшін құс ұяларының келісін 2000 долларға сатып алуға дайын! «Не көп, құстың ұясы көп қой!» деп бизнес-жоспар құруға асықпаңыз. Бұл сорпа үшін тек оңтүстік-шығыс Азияда тұратын Свифт-салангандардың ұялары жарамды. Шын мәнінде, олардың ұялары кептірілген құс сілекейден тұрады. Ал одан әзірленген әйгілі сорпа консистенциясы бойынша шырышқа немесе желеге ұқсайды.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ТУРИСТЕР назарынан ТЫС қалған, табиғаты тамаша 10 ЕЛ