САЯХАТ: Қонақүйден ҮЙДЕ ОТЫРЫП-ақ ОРЫН алып қоя аласыз

0
2 307

Бұл қызметті саяхатқа шығатын миллиондаған адам пайдаланады.


САЯХАТ: Қонақүйден ҮЙДЕ ОТЫРЫП-ақ ОРЫН алып қоя аласыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Аталған жүйе арқылы кез келген басқа қала немесе елдегі қонақүй «нөміріне» алдын ала тапсырыс беріп қоюға болады. Ол үшін саяхатшыға қызмет көрсететін сервистер ұсынатын көптеген «нөмірлердің» бірін таңдау жеткілікті. Айта кетейік, ғаламтор арқылы тапсырыс берілген кешеннің құны өзіңіз барып төлеген бағадан аспайды және орын болмай қалу қаупінен сақтайды. Сонымен қатар, қонақүйді алдын ала жалдап қоюдың басқа да артықшылықтары бар.


Қонақүйді ғаламтор арқылы жалдаудың ерекшеліктері

Сіз Тайланд немесе Вьетнам сияқты арзан елдердің бірінде демалуды жоспарласаңыз, онда сол жақта жүріп-ақ қонатын жер тауып алуға болады. Ал, танымал елдердің қонақүйлеріне заманауи технологиялардың көмегімен алдын ала тапсырыс беріп, мәселені шешіп қойған дұрыс. Сондай-ақ, электронды тапсырыс беру арқылы мынандай мүмкіндіктерге ие боласыз:

• тұтынушылардың пікірлерін білу;

• қолжетімді нөмірлерді онлайн көру;

• тапсырыс беру жүйесі арқылы қонақүй туралы толық ақпарат алу;

• бөлмені ғаламтор арқылы рәсімдеу кезінде ғана әрекет ететін жеңілдікке ие болу;

• бөлменің рәсімделгенін растайтын құжатты алу (мұндай құжат виза берген кезде қажет болады).


Ғаламтор арқылы тапсырыс беруге және одан бас тартуға да болады

Бөлмені ғаламтор арқылы рәсімдеу үшін баратын қаланы анықтап, орналасу және шығу күнін көрсету жеткілікті. Содан кейін, Сізге осы уақыт кезеңінде бос орын болатын қонақүйлердің толық тізімі ұсынылады және қалағаныңызды таңдауға болады.

Сондай-ақ, кез келген турист алдын ала тапсырыс берген «нөмірден» ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Әрине, көрсетілген уақыттан 5-10 күн бұрын әрекет жасаса! Сонымен қатар, жеңілдікпен берілетін нөмірлерді таңдайтын кезде жақсылап ойланған дұрыс. Өйткені, олардың ақшасын алдын ала толықтай төлеу керек болады және тапсырыстан бас тарта алмайсыз.

Сондықтан, таңдаған қонақ үйдің тапсырыс қабылдау шарттарын мұқият оқып, төлемді қай уақытта, қалай жасайтыныңызды шешіп алыңыз!


Төлем жасаудың бірнеше түрі бар

• Алдын ала төлеу;

• Қонақ үйге барып төлеу.

Алдын ала төлем жасаған кезде Сіз банк карталарын пайдаланасыз. Яғни, қонақ үй бекіткен қаржыны ғаламтордағы сервистердің көмегімен көрсетілген мекенжайға аударасыз. Тиісінше, демалысқа барғанда «қайда қоныстанамын» деп бас қатырмайсыз. Алайда, мұндай төлем жасап қойып, барған кезде бөлме ұнамай қалса, тапсырыстан бас тарта алмайсыз.


Ал, қолма-қол төлеу қонақүйдегі «Reception – Ресепшн (қызметкерлер бекеті)» арқылы жүзеге асады. Көптеген саяхатшылардың пікіріне сүйенсек, тапсырыс төлемін осылай жасаған дұрыс екен. Себебі, Сізге қызметкерлердің қызмет көрсетуі, бөлме немесе басқа да нәрселер ұнамай қалса, ешқандай ақы төлемей, оңай бас тарта аласыз.

Сондай-ақ, банк картасы арқылы төлем жасаған кезде бірқатар мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан, картаңыздың келесі талаптарға сай келетініне көз жеткізу қажет:

• картада Maestro және VISA Electron деңгейі болуы керек;

• картаның жарамдылық мерзімі қонақ үйде тұру мерзімінен аспауы тиіс.


Есте сақтаңыз! Егер, Сіз алдын ала төлем жасасаңыз, бірақ шотыңызда қаражат жоқ болса, онда қонақ үй бәрібір тапсырыс қабылдай береді. Тиісінше, бұл жағдайда өзіңіз тұтынатын банкке ақша төлеуге міндетті боласыз.


Тапсырысты алдын ала растап алыңыз!

Ғаламтор арқылы рәсімделген қонақүйдің ақысын толық және жартылай төлегеннен соң немесе «күнделікті төлеу» қызметін пайдалануға келіскеннен кейін, «Hotel Voucher» құжатына ие боласыз. Ал, оны елшілік тексеретіндіктен, барлық деректердің дұрыс-бұрыстығын тексеріп алыңыз. Егер, бір жері дұрыс болмай қалса, онлайн сервистегі қолдау қызметіне жүгініп, құжатты түзетуін сұрау қажет.

Сондай-ақ, тиісті бөлмеңізге қоныстану кезінде аталған құжатты көрсетпеуге болады. Өйткені, көптеген қонақүйлерде төлем мен басқа да мәліметтер енгізілетін электрондық база болады. Алайда, солай екен деп құжатыңызды қалдырып кетуге де болмайды. Себебі, кейбір кездерде техникалық ақаулар пайда болып, кедергілерге тап болуыңыз мүмкін.

Қонақ үйді рәсімдеу кезінде МЫНАЛАРҒА назар аудару керек!

• Әдетте қонақүйлерде қоныстандыру 14:00-ге дейін, ал шығару 12:00 дейін жүргізіледі. Егер, Сіз осы уақытқа дейін орналаспасаңыз, бөлмені басқа кісіге бере алады. Ал, кеш шыққан жағдайда, қосымша төлем талап ете алады;

• Алдын ала тапсырыс берген қонақүйге кеш келетініңізді білсеңіз, «Reception-ға» қоңырау соғып, ескертуге болады;

• Тапсырыс беруге күмәнді сервистерді пайдаланбаңыз, себебі бөлмені рәсімдеу кезінде Сіз өзіңіздің жеке деректеріңіз бен банк картасы туралы ақпараттарды көрсетесіз. Ең жақсысы – танымал халықаралық порталдарды пайдалану;

• Кейбір арзан қонақүйлерді booking.com сияқты танымал порталдардан таба алмайсыз, өйткені олардың иелері сервисті пайдалану үшін төлем жасайды. Сондықтан, бағасы төмен қонақүйлерді жекелей іздеген дұрыс.