Тамыз айында ҚАЙДА ДЕМАЛҒАН дұрыс?

0
1 500

Тамызда барлық жер қолайлы бола бермейді.


Тамыз айында ҚАЙДА ДЕМАЛҒАН дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тамыз — танымал курорттардағы жағажай демалысы үшін тамаша уақыт. Ал балалар және кпөтеген сала мамандары үшін бұл демалудың соңғы мүмкіндігі. Сондықтан ұзақ оқу және жұмыс кезеңіне дейін дұрыс демалып, қуат жинап, жаңа әсерлерге бөленген жөн. Жалпы тамыз айында арзан әрі жақсы демалу үшін Түркия, Кипр, Болгария, Черногория, Хорватия және т.б. елдердің танымал курорттарына барған абзал.


Тамыз айында теңізде демалу

Тамыз айындағы жағажай демалысы дәл шілдедегідей тек бірқатар елде ғана ыңғайлы болады. Мысалы Эйлаттағы немесе Дубайдағы тамыз – жазғы аптаптың апогейі. Күндіз ауа температурасы қырық градустық белгіден асып түседі. Тиісінше бұл жай ғана ыңғайсыздық емес, сонымен қатар организм үшін қауіпті.


Түркия

Тамыз айында Түркия жаздың жайлы ыстығымен және өте жылы теңізімен қарсы алады. Айдың аяғында Оңтүстік курорттардағы ауа температурасы тіптен қолайлы болады. Ал +35°C - +37°C жағажайға баламен немесе егде жастағы адамдармен бірге бару немесе бармау жеке шешілетін мәселе. Сондай-ақ, ылғалдылықтың төмен деңгейіне байланысты Түрік жағалауындағы жылу алмасу өте тез жүретінін атап өткен жөн. Тамыз айында Ыстамбұл елдің оңтүстік бөлігіндегідей ыстық болмайды, сондықтан сіз көрікті жерлерді аралауға уақыт бөле аласыз.


Тунис

Тамыз айында Тунистегі жағажай демалысы үшін ең қолайлы орын — Жерорта теңізінің жағалауы. Жаздың аяғында мұндағы жылу шыңына жетеді және елдің орталығында ауа +50°C дейін қызады, сондықтан экскурсияларға шықпаған жөн. Жылдың осы кезеңінде судың жанында болған дұрыс, себебі су температурасы +30°C дейін қызады.

Сіз сондай-ақ талассотерапияға уақыт бөле аласыз, өйткені Тунис спа-курорттарымен де танымал. Тамыз айында белсенді бола бастайтын медузалардың көп мөлшері теңіз жағасындағы демалысқа кедергі келтіруі де мүмкін. Медузалардың ең азы Хаммаметтің маңында, ал ең көп саны Сасса мен Монастир жағалауында байқалады.

Греция

Тамыз айында Грецияда нағыз жылу пайда болады. Сапарды алдын-ала жоспарлау керек, өйткені тамыз айында Греция турларына сұраныс өте жоғары. Критте, Родоста немесе Корфудағы жағажай демалысы ерекше рахат сыйлайды.


Кипр

Дәл Грециядағы сияқты, Кипрдегі тамыз - аптап ыстықтың шыңы. Кейде ауа температурасы +42°C-қа жетеді, жаңбыр күтпеу керек, теңіз суы да салқындауға көмектеспейді. Осыған қарамастан, Кипрге туристер ағылып барып жатады. Сондықтан сіз де сапарға шықсаңыз болады.


Черногория

Тамызда Черногориядағы су мен ауа температурасы ең жоғары деңгейде сақталады. Черногория балалармен демалу үшін өте қолайлы, өйткені жағажайларда ешқандай ыстық пен қатты толқындар болмайды. Бұл мезгілде Черногорияда жағажай демалысынан басқа, елдің ірі қалаларында өтетін жастар, музыкалық және гастрономиялық фестивальдерді тамашалауға болады.


Болгария

Болгариядағы жағажайлар тамыз айында көптеген басқа танымал курорттарға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болады. Балалары бар отбасылар мен қарт саяхатшылар Болгарияны жақсы көреді, өйткені мұнда тіпті ең жоғары маусымда да ыңғайсыз ыстыққа тап болмайсыз. Сондай-ақ, бұл бағыт басқа курорттық елдермен салыстырғанда өте арзан, сондықтан демалысты алдын-ала қарау керек. Себебі тамыз айында арзан демалғысы келетіндер көп болады.

Египет

Шілде айында Мысырға келген ыстық қыркүйек айының соңына дейін сақталады. Курорттардағы ауа температурасы да +38°C шамасында болады. Кейбір жерлерде ауа + 50°C белгісіне дейін қызады. Әрине, мұндай жағдайда экскурсияға шығу туралы ойлану керек. Өйткені осындай ауа-райында экскурсия үшін тек түйелер ыңғайлы болады.

Егде жастағы адамдар, балалар және ыстыққа шыдамайтын саяхатшылар тамыз айында Египетке саяхаттамағаны абзал. Егер сіз жаздың соңында Египетте демалуды қаласаңыз, онда курортқа барар алдында туристердің пікірлерімен мұқият танысып, ауа-райы болжамын тексеріңіз.


Хорватия

Хорватия тамызда жайлы температура, таңғажайып көгілдір су және таза жағажайларымен қуантады. Осының барлығы балалармен бірге жағажайда демалуға өте қолайлы. Тамыз айында ел астанасында жағалауға қарағанда сәл салқын, яғни көрікті жерлерді көру мүмкіндігіне ие боласыз.


Марокко

Тамыз айында Мароккода ыстық шарықтау шегіне жетеді. Ашық ауада ұзақ уақыт болу жай ғана ыңғайсыздық тудырмайды, сонымен қатар организмі дайын емес туристің денсаулығы үшін қауіпті болады. Бірақ ауа-райына қарамастан, жағажайларға демалушылар өте көп келеді. Марракеш пен Фес саяхатшыларды қырық градус ыстықпен қарсы алатыны есте болуы керек.


Доминикан

Тамыз айында Доминикандағы ауа-райы өте құбылмалы. Ешкім нақты болжам жасай алмайды. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады: ауа мен судың жоғары температурасы. Көбіне ұзаққа созылған жаңбыр жауады. Яғни, осы кезеңде ылғалдылық деңгейі өте жоғары болады.


Грузия

Тамыз айында Грузияда керемет ауа-райы сақталады, тіпті ыстық ауа-райы деп айтуға болады. Жаздың соңында Боржоми шипажайлары сауықтыру бағытында жақсы жұмыс істейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


«Бал айын» өткізуге ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ орындар


Ерлі-зайыптылар үшін Еуропаның ЕҢ ӘСЕМ ОРЫНДАРЫ