Проблемалық мәселелердің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға өтеусіз негізде берілетін инватакси қызметтеріне шағымдар қаралды.
Шымкент қалалық №3 емханада Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қалалық департаментінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері азаматтарды қабылдап, кеңес берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Адал көмек» жобасы аясында өткен қабылдау барысында халықтың ең көп сұрақтары тегін дәрі-дәрмектер алу, инватакси қызметтерін көрсету, санаторий-курорттық демалыс жолдамасын берумен қатар, дәрігерлік әдепті сақтауға қатысты қойылды.
Проблемалық мәселелердің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға өтеусіз негізде берілетін инватакси қызметтеріне шағымдар қаралды.
Инватакси қызметтерін көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады.
Қызметті алу үшін «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығына құжаттарды жолдау қажет. Атап айтар болсақ, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі) ұсынуы қажет.
Қызметке тапсырыс беру үшін бір күн алдын 8 (707) 405 15 65, 8 (707) 984 04 42, 8 (7252) 57-10-51 телефон нөмірлеріне хабарласып тапсырыс беруге болады. Егерде аталған нөмірлер бойынша хабарласу мүмкін болмаған жағдайда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының 8 (778) 669 9341 нөміріне хабарласа аласыздар.
Инватакси қызметтерін көрсету тапсырысты қабылдауды, адамдарды қарсы алуды, отырғызу/түсіруді (қажет болған жағдайда), оны және еріп жүретін адамды (бар болса) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін тасымалдауды қамтиды.
Қызмет түрі бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі.
Айта кетейік, «Адал көмек» жобасының мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету.