Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз, қорқынышсыз өмір сүруіне қолдау көрсету.
А.С. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған “ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС” атты бес күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті.
Аталған курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолдану аясындағы өзекті мәселелер бойынша теориялық және практикалық ақпарат ұсынылды.
Курсқа қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Боранбек Алтынбек Срайылұлы және заңгер, кәсіби медиатор Кесебай Айжан Өмірзаққызы арнайы кездесу өткізіп, өз салалары бойынша маңызды әрі мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар үшін шағын кофе-брейк ұйымдастырылып, еркін пікір алмасуға жағдай жасалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз, қорқынышсыз өмір сүруіне қолдау көрсету.
Бес күнге жоспарланған курс аясында ертеңнен бастап қатысушылар үшін арнайы практикалық сабақтар өтеді. Жаттығу сабақтары барысында әйелдер нақты қорғану әдістерін үйреніп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын меңгеретін болады.