Алғыс айту күні: Шымкентте 1 млн құрт пен бауырсақ таратылды

0
1 295

Өткен жылы да қала тұрғындарына 1 миллион құрт таратылған болатын.


Алғыс айту күні: Шымкентте 1 млн құрт пен бауырсақ таратылды

Бүгін Шымкент қаласындағы Этноауыл тарихи кешенінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік іс-шараға мәдениет және өнер мекемелерінің, қалалық төтенше жағдайлар қызметінің, полиция департаментінің қызметкерлері мен сарбаздар, ұстаздар мен дәрігерлер, этномәдени бірлестік өкілдері және жоғары оқу орындарының ерікті жастары атсалысты.
Бұл мереке түрлі тарихи кезеңдер мен оқиғалардың салдарынан қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы қазақ халқына құрмет көрсететін, қамқорлығы мен мейірбандығы үшін алғыс айтатын күні. Бірақ, бүгінде мерекенің ауқымы мұнымен де шектелмейді. Біз бұл күні ақ жаулықты аналарымызға, ақ сақалды қарияларымызға, айналасындағы адамдардың игілігі мен елдің дамуы үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтарымызға алғыс айтуды, ризашылығмызды білдіруді дәстүрге айналдырып келе жатырмыз, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Мереке күніне орай қала көшелері безендірілуімен қатар, «Шымқала» этноауылында көктем белгісі бәйшешек гүлінің, бейбітшілік пен мейірімділік құсы қарлығаштың алып бейнелері жасалып, қала тұрғындарына ерекше көңіл сыйлады.
Сонымен қатар, қаламыздағы 15 ірі сауда – ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, темір жол вокзалы, базарлар мен студеттер көп тұратын шағын аудандарда 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылды.
Айта кетейік,өткен жылы да қала тұрғындарына 1 миллион құрт таратылған болатын.